«Маңғыстау – Алматы-2» пойызының вагондары жаңартылғанына жолаушылар дән-риза

Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Өткен бейсенбі күні кешке қарт түбектен шыққан №77/78 «Маңғыстау – Алматы-2» жолаушылар пойызы жексенбі күні таңда Алатау баурайындағы әсем қалаға ат басын тіреді. Алғашқы сапар сәтті өтті, жолаушылар көтеріңкі көңіл күймен келді деп хабарлады бізге пойыз бастығы Ерлан Қойшығұлов. Біз сенбі күні түскі сағат үште Шымкент вокзалына 20 минут аялдаған пойызды қарсы алып, су жаңа құрамның жолаушыларымен тілдесіп үлгерген едік. «Жақсыны көрмек үшін» деген, бірнеше күннен бері жұрт жабыла мақтап жатқан жаңа вагон- дарды көруге біз де асық болдық. Алдымен «әйелдер вагоны» аталған 7-ші вагонға бардық. Маңғыстаудан Алматыға келе жатқан жолаушы Айман Алпамысова заманауи үлгідегі су жаңа вагондарға бір риза болса, тек әйелдерден құралған вагон шыққанына екі риза екенін жеткізді.

«Мен үнемі осы Маңғыстау-Алматы бағытындағы пойыздың қызметін пайдаланамын. Мұның алдында вагондардың сапасы сын көтермейтін өте нашар болатын. Дәретхананың сасық иісі, купе мен плацкарттардың әбден ескіріп кеткен орындықтары ыңғайсыздық тудыратын. Телефон зарядтап алу, тамақты тоңазытқышқа сақтап қою, микротолқынды пешке тамақ ысытып алу деген мүлдем жоқ еді. Қазір жаңартылған вагонда қажеттінің бәрі бар. Тек қана әйелдерге арналған вагон шықты дегенді естіп, соған билет сатып алдым. Ер адамдарсыз жолаушылап келе жатқанымыз бірден сезіледі, қауіпсіз әрі қысылмай еркін отырасың. Әңгімемізді айтып, шәйімізді ішіп, қалауымызша жа тып-тұрып емін-еркін келеміз», – деп күлді Айман апай.

Ақтау мен Алматы шаһарының арасы үш мың шақырымдай арақашықтықты құрайды. Мұндай ұзақ жолға көлікпен жүру қолайсыз, ал ұшақтың билетін кез келгеннің қалтасы көтермейді. Сондықтан жолаушылар үшін өте тиімді де ыңғайлы көлік – пойыздардың жаңарып, сервистік қызметі артып жатқаны кімге ұнамасын, әрине, жолаушылар дән риза екендерін жасырмады. Пойыз басшысының айтуынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ №77/78 «Маңғыстау – Алматы-2» пойызының 90 вагонын жаңартқан. Бұл, әрине, жолаушылар ағы- нының көбейе түсуіне де септігін тигізері даусыз. Шымкент вокзалынан мінген сексен жастағы Мәриям әжей сыңғырлаған су жаңа вагондарды көріп, қатты риза болып, «бәрекелді, мынандай пойызда жол жүрудің өзі ғанибет қой, теміржолшы балаларыма алғысымды жеткізіңдер» деді.

«Ақтаудан 21 қазанда кешкі онда жолға шықтық. Құрамда 12 вагон, 7 плацкарт, 5 купе бар. Вагондар керек-жарақ құралдармен толық жабдықталған. Жолдың ұзақтығына қарамай жолаушылар көңілді келеді,бұл бір ерекше сапар болды», – дейді пойыз бастығы Ерлан Нұралыұлы.
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты