Желтоқсан айындағы мерекелік күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойызды іске қосады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бұл қосымша пойыздар сұраныс жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтып, теміржол қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:

  • №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
  • Алматы-2 станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді.
  • Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
  • №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»
  • Нұрлы жол станциясынан: 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді.
  • Шымкент станциясынан: 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.
  • №205/206 «Ақтөбе – Астана-1»
  • Ақтөбе станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді.
  • Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

Пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады.

Билеттерді https://bilet.railways.kz/ ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді сатып алуға кеңес береді. Себебі мереке күндері пойыз билеттеріне сұраныс әдеттегіден жоғары болады.

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.