Ақпанынан бастап 6 пойызда әйелдер вагондары пайда болмақ

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 1 ақпанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты тағы алты бағдар бойынша жолаушылар пойызында әйелдер вагондары пайда болмақ.

Олар: №45/46 Павлодар-Шымкент; №85/86 Нұр-Сұлтан-1-Шымкент; №37/38 Маңғыстау-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Семей; №47/48 Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атырау; №379/380 Алматы-2-Орал және №73/74 Алматы-2-Жезқазған пойыздары.

Еске сала кетсек, Қазақстанда әйелдер вагондары 2021 жылдың қазан айында пайда болған еді. Алғаш рет олар №77/78 Алматы-Маңғыстау және №351/352 Алматы-1-Өскемен жолаушылар пойыздарында іске қосылған болатын. Жоба іске қосылған сәттен бастап, яғни 2021 жылғы 10 қазан мен 31 желтоқсан аралығында бұл қызметті 13 243 жолаушы әйел пайдаланған екен.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүргізген маркетингтік зерттеулерге сүйенсек, жүргізілген сауалнама барысында нәзік жандардың көпшілігі пойызда әйелдер үшін жеке вагон болғанын қалайтындарын білдіріпті. Тіпті, кейбіреулері мұндай қызмет үшін артық ақша төлеуге де дайын екендіктерін жеткізген. Демек, әйелдер вагондарына сұраныс бар деген сөз.

Алты бағдар бойынша жолаушылар пойыздарында әйелдер вагонының пайда болуы – осының айқын дәлелі. Бірақ, бұл қызмет үшін әйел жолаушылардан қосымша қаражат алынбайды. Айта кетерлігі, 7 жасқа дейінгі еркек жынысты балаларды ресімдеуге де болады. Яғни, анасы, әпкесі немесе басқа да сенімді өкілі ерткен ұл балалар. «Жолаушылар тасымалы» АҚ мамандары BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және билет кассаларында әйелдер вагондарына темір жол билеттерін ресімдеген кезде жолаушылар, әсіресе, ер адамдар шартты белгілерге назар аударып, мұқият болу керектігін ескертеді. Яғни, «ӘВ» – әйелдер вагоны екенін білдіретін шартты белгі. Ал сапар барысында сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар вагон жолсерігіне немесе пойыз бастығына жүгіне алады.

Сондай-ақ, әйелдер вагонына тек әйел жолсеріктер қызмет етеді. Елімізде әйелдер вагонының пайда болғанына байланысты, әрине екі жақты пікірдің қалыптасары анық. Біреулер, мұны адамдарды жынысына қарай ара-жікке бөлушілік немесе кемсітушілік деп қабылдайды. Қалай десек те, қазақ – әйел затын сыйлай, құрметтей білген халық. Сондықтан әйелдердің бұл қызметке деген сұранысын да түсіністікпен қабылдаған жөн. Жалпы, әйелдер вагондары Иран, Араб әмірліктері бірлестігі сияқты мұсылман елдерімен қатар Жапония, Корея, Үндістан мемлекеттерінде де бар. Ресей мемлекеті де бір кездері бұл жобаны қолданысқа енгізген, бірақ көпшілік тарапынан қолдау таппаған сыңайлы...

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті