Астана – Бурабай жаңа жылдық электр пойызы жолға шықты (+фото)

Жолаушылар тасымалы
22.12.2022, 09:58
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жаңа 2023 жыл қарсаңында елордадан Бурабайға дейін мерекеге сай безендіріліп, боялған жаңа пойыз жолға шықты. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Щучинск-Бурабай курортты аймағына жайлы да тартымды жаңа жылдық электр пойыздарын іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолаушыларға мерекелік көңіл-күйді сезіндіру үшін жылжымалы құрам ұлттық және жаңа жылдық стильде безендірілді. Жарқыраған гирляндылар, жасанды қар бүршігі және шарлар ілінді. Вагондардың ішіне қазақстандық қолөнер шеберлерінің еңбектері көрік берді. Қолмен киізден жасалған декоративті паннолар мен жастықтар мейрам лебін ерекше сезіндіре түседі. Пойыз вагондарына Аяз Атаға хат жолдау үшін арнайы жәшіктер қойылған.

Осындай мерекелік пойыздар Астана –Көкшетау бағытымен 2023 жылғы қаңтар айының соңына дейін саяхаттаушыларды күн сайын тасымалдайтын болады. Экспресс пойыз 2022 жылы 22 желтоқсанда таңғы сағат 06.03-те «Нұрлы жол» вокзалынан аттанды. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қолайлы болуы үшін аталған пойыз Астана-1 станциясында да аялдайды. Бұл станцияға пойыз таңғы сағат 6.28-де жетіп, 6.57-де жүріп кетеді. Жолда пойыз үш станцияда, яғни Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтады. Арадағы уақыт тез өтіп кетеді. Таңертең 9.51-де за Бурабай курорты станциясына жетіп барады.

- Бүгін бірінші рет осындай әдемі пойызбен демалуға бара жатырмын. Жаңа жыл алдындағы көңіл-күй керемет. Оның үстіне мынадай вагонда мейрамды қатты сезінеді екенсің. Осы игі істі жүзеге асырған азаматтарға алғысым шексіз. Себебі адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес, жайлылық пен өзіне көңіл бөлуді байқаса, соның өзі мерейіңді өсіреді. Ал мына жаңаша жасанған пойыздарда сондай ықыласты сезініп келеміз, - дейді елордалық жолаушы Жәния Әлжаппарова. 

Жаңа жылдық экспресс — «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Бурабай Даму» ЖШС, ҚР Президенті істері басқармасы, мәдениет және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Бұл жоба ішкі туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар электр пойыз жолаушыларына «Бурабай Даму» ЖШС «Burabay Land» отбасылық ойын-сауық паркіне баруға бір күндік тур бағдарламасын да ұсынады. Сондай-ақ Бурабай курортты аймағының көрнекі орындарын аралау мүмкіндігі беріледі. Атап айтқанда, олардың қатарында визит–орталық, зообұрыш, Абылайхан алаңындағы мультимедиалық интерактивті кешен, «Бурабай» емдеу орталығы сынды орындар бар.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды