ТЖ режимі: Жамбыл облысындағы пойыздарының қозғалыс кестесі тағы өзгерді

Осы жылдың 15 желтоқсанында Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандары аумағында қатты жел мен аяз салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана уақыты бойынша таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша ауа райы жағдайы жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің кешігуі және өзгеруі туралы хабарлайды.

Қазіргі уақытта келу станциясына келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі сақталуда:

- №72 Шымкент – Нұр-Сұлтан 07 сағат 40 минутқа;

- №3 Алматы – Нұр-сұлтан 11 сағат 30 минутқа;

- №27 Алматы – Орал 9 сағат 15 минутқа;

- №9 Алматы – Нұр-сұлтан-1 сағат 12.00-ге;

- №86 Шымкент-Нұр-Сұлтан-1 07 сағат 10 минутқа;

- №1 Алматы – Ташкент 15 сағат 40 минутқа;

- №11 Алматы – Шымкент 9 сағат 30 минутқа;

- №25 Алматы – Шымкент 07 сағатқа;

- №12 Шымкент – Алматы 6 сағат 20 минутқа;

- №26 Шымкент – Алматы 3 сағат 50 минутқа;

- №22 Қызылорда – Семей 08 сағат 19 минутқа;

- №21 Семей – Қызылорда сағат 16.00;

- №43 Алматы – Қостанай 09 сағатқа;

- №77 Алматы – Маңғыстау 4 сағат 46 минутқа;

- №29 Алматы-Атырау 12 сағат 27 минутқа;

- №7 Алматы – Саратов 04 сағат 30 минутқа;

- №45 Павлодар – Түркістан 03 сағат 40 минутқа;

- №75 Петропавл – Қызылорда 03 сағат 16 минутқа;

- №33 Алматы – Ақтөбе 06 сағат 09 минутқа;

- №88 Сарыағаш – Алматы 3 сағат 16 минутқа;

- №44 Қостанай – Алматы 2 сағат 40 минутқа;

- №506 Жезқазған – Алматы 05 сағат 13 минутқа;

- №509 Алматы – Орал 06 сағат 37 минутқа;

- №511 Алматы – Атырау 02 сағатқа.

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында №51/52 Алматы 2 – Орал және №41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздар кестесі өзгертілді. Тальго №41/42 Алматы 2 – Атырау және кері пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2 – Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері қарай Тальго пойызына  билеттер сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 – Орал стандартты пойызымен жол жүреді.

Жолаушылар пойыздарының қозғалысында қиындықтар бар. Темір жолдарды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар қызметтердің қатысуымен жедел штаб құрылды.

Жолаушылар «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм боты арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды