Жолаушылар вагондарын жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде

Жолаушылар тасымалы
03.05.2024, 10:55
Оқуға 1 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның техникалық парктерінде тәулік бойы жазғы тасымалдау кезеңіне жолаушылар вагондарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар жолаушылар үшін жазғы тасымалдауды барынша ыңғайлы және қауіпсіз ету үшін жүргізіледі.

Регламентке сәйкес вагонның астындағы жабдықтар мен дөңгелектерді жоспарлы тексеру, вагондардың сыртын жуу және жүріс бөліктерін тазалау, тамбурлар мен тұтқаларды ішінара сырлау жүргізіледі. Одан бөлек терезелер толық тазаланып, ондағы резеңке таспалар мен тығыздағыштар ауыстырылады. Тексеру жұмыстары барысында барлық ақаулар жойылады.  

Пойызды жолға шығару алдында барлық вагондардың еденнің, төбенің, үстелдердің үсті, дивандардың және терезелердің беттері санитарлық және дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Дезинфекция санитарлық ережелерге сәйкес себу, тозаңдандыру және препараттармен сүрту әдісімен жүзеге асырылады.  

Пойыз бригадасының қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген. Сапар алдында қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді.  

Өндірістік персонал үшін тұрақты негізде қауіпсіздік шараларын сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша нұсқамалар жүргізіледі.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды