Осы жазда ҚТЖ пойыздарымен 4 млн-нан астам жолаушы тасымалданды

Жолаушылар тасымалы / Апта саны
16.09.2024, 09:47
Оқуға 1 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы маусымның қорытындысын шығарды. 2024 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4 млн 207 мың жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Осы жазда республикалық маңызы бар қалалар арасында жолаушылар ағыны бойынша Алматы көш бастады – бұл қаладан 730 мың адам жолға шықты. Елордаға 580 мыңнан астам жолаушы келсе, Шымкентке 260 мыңға жуық жолаушы сапар шекті.

Ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша электр пойыздарымен 130 мың жолаушыны тасымалдады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.

Осы жазда Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордадан 12 бағыт бойынша пойыздар жүрді. Он бағытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал екі бағытта жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетті. Жолаушылардың жайлылығы үшін Ұлттық тасымалдаушының пойыздары ауа баптау жүйесімен жабдықталған вагондармен қамтамасыз етілді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Алакөлге 135 мыңнан астам жолаушы жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 144 бағыт бойынша пойыздар жүреді, оның 103-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға, 31-і жеке компанияларға, ал 10-ы өзге теміржол әкімшіліктеріне тиесілі.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды