ҚТЖ billet.railways.kz сайтында жаңа функцияны іске қосты

Жолаушылар тасымалы
25.04.2025, 15:29
Оқуға 1 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың билет рәсімдеу барысында толық әрі дер кезінде ақпарат алуын қамтамасыз ету мақсатында billet.railways.kz сайтында жаңа функцияны іске қосқанын хабарлады.

Енді №23/24 «Ақтөбе – Алматы», №33/34 «Ақтөбе – Алматы», №614/613 «Орал – Маңғыстау» бағыттарындағы үш қабатты төсек орналасуы бар пойыздарға билет сатып алғанда немесе брондағанда, сайтта плацкарт вагондарда үшінші сөренің бар екенін ескертіп, арнайы хабарлама шығатын болады. Ал үшінші сөрені таңдау кезінде қосымша растау терезесі шығып, жолаушының шешімін нақтылау ұсынылады:

«Құрметті жолаушы! Сіз таңдаған орын – үшінші сөре. Келіссеңіз, «OK» түймесін басыңыз.»

Сондай-ақ, billet.railways.kz сайтында билет рәсімдеу барысында жолаушылар үшінші сөренің орналасуын және вагонның ішкі құрылымын көрсететін бейнежазбаны көре алады.

Жаңа функцияның арқасында жолаушылар билет сатып алмай тұрып, вагонның орналасу тәртібімен танысып, қажетті ақпаратты алдын ала біле алады. Бұл сапар кезінде күтпеген жайсыз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды