Қаражыра көміріне сұраныс жоғары
Жолаушылар тасымалы
24.11.2017, 15:48
Көмір тасымалын жүзеге асыруда салмақ бірінші кезекте теміржол саласына түседі. Бұл ретте семейлік теміржолшылар бұрын-соңды орын алмаған деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді.
Атап айтсақ, 2017-2018 жылыту маусымына орай қатты отын тасымалы жөнінде арнайы жоспарлы шаралар қабылданған еді. Тіпті, ағымдағы жылдың мамырынан қарашаға дейінгі аралықтағы 6 ай ішінде сұранысты толық қанағаттандыру үшін максималды көлемдегі жұмыс режиміне көшкен болатын. Жергілікті Қаражыра көмір кеніші тек еліміздің шеткі нүктелеріне ғана емес, таяу шет елдерге де қатты отын жөнелтеді. Басты әріптес «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен арадағы келісім аясында қысқы отын тасымалы жыл санап артып келеді. Қаражыра көміріне сұраныс та жоғары болып отыр. Айталық, соңғы 6 ай ішінде 22 336 вагонға көмір тиеп жөнелтілген, бұл дегеніміз 1 млн 556,3 тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 117,9 пайызға жоғары екен. Тасымал көлемінің бұлайша ұлғаюына бір есептен тапсырыс берушілер қатарының артуы да себеп. Сондай-ақ, байырғы клиенттер Защита мен Жаңа-Өскемен, «РК-1» сынды бірқатар алпауыт жылу электр орталықтарының сұранысы да еселеп артқан.
Сол тәрізді жеке тұрғындарға көмір саудалаумен айналысатын «Жігер СТ», «ВЭУС», «Өскемен-көмір» жеке серіктестіктері де үстеме тапсырыс беріп, тұрақты тұтынушыға айналған.
Көмір тиеп жөнелту ісі маусымға және сұраныс санының артуына орай қазіргі күні де қызу қарқынмен жүргізілуде. Жүк айналымы мен логистикаға жауапты бөлімше мамандарының айтуынша, қараша айының небары 15 күні ішінде бір ғана ел Шығысы үшін 166,1 тонна көмір тиелген. Ал, жоспар бойынша жылдың соңына дейін бұл деректер бірнеше есеге өсуі тиіс.
«Осынау көрсеткіштердің барлығы бөлімше бойынша жүк тасымалы көлемін әлі де арттыра түсуге толық мүмкіндік бар екендігін дәлелдейді» дейді сала мамандары.
Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімі мамандары көмір тиеу, жеткізу бағытындағы шаралардың тиімділігін әлі де пысықтау үстінде. Жоспарлы шараларды жыл аяғына дейін толықтай орындау қажет. Оның бір себебі, өңір бойынша жеке сектордағы тұрғындар арасында қысқы отынға деген сұраныс әлі де толастамай отыр.
Қуаныш Қожаев, Семей
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл