ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026, 12:21
Оқуға 1 мин

Теміржол тасымалы ережелері мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарын іске асыру шеңберінде ҚТЖ балалар мен жасөспірімдердің жолаушылар пойыздарында жол жүруі қағидаларын еске салады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ ата-аналарға сапар алдында жол жүру құжаттарының, баланың жеке басы мен жасын растайтын құжаттардың, сондай-ақ алып жүруге қажетті құжаттардың болуын алдын ала тексеруді ұсынады.

7 жасқа дейінгі балалар жеке орын бермей-ақ тегін жүре алады. Жеке орын беру қажет болған жағдайда балалардың жол жүру құжаты ресімделеді.

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін балалар билеті ресімделеді. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге жүруі кезінде алып жүру құқығына тиісті құжаттың болуы қажет.

15 жастан асқан жасөспірімдер қажетті құжаттар және белгіленген тәртіппен ресімделген заңды өкілдің жазбаша келісімі болған кезде өз бетінше сапар жасай алады.

Белгіленген ережелерді сақтау қауіпсіз сапардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ата-аналардың, еріп жүрушілердің және жасөспірімдердің жауапкершілігі бұзушылықтардың алдын алуға және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

ҚТЖ ата-аналарды балаларын темір жолдағы тәртіп ережелерімен алдын ала таныстыруға және вокзалдар мен пойыздарда қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салуға шақырады.

Заң мен тәртіп жеке жауапкершіліктен және белгіленген ережелерді сақтаудан басталады.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті