Вагон қараушы қос бірдей ақау тапты (Фото)

Қауіпсіздік
05.02.2024, 13:24
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон депосының Сексеуіл тіректі техникалық қызмет көрсету бекетінде еңбек ететін вагон қараушы Есбол Жұбаназаров бекетке аялдаған пойыздарға сапалы техникалық қызмет көрсету кезінде бір вагоннан екі бірдей ақау тауып, айды аспанға бір-ақ шығарды.  

Қырағы көз вагон қараушы Сексеуілдегі ТТҚК бекетінде еңбек ете бастағалы екі жылдың көлемі болған. Былтырғы желтоқсан айының 30-ы күні аға вагон қараушы Еркінбай Тлеуовтың үйлестіруімен ауысымды қабылдап алған Есбол күнделікті атқаратын жұмысына кірісіп кетеді. Түс ауа, сағат 15.02 кезінде 7-жолға келіп тоқтаған №3223 пойыздың 12-вагонын тексеру кезінде екі арбашасының да бүйір жақтауынан бір емес, екі ақауды табады. Дереу аға вагон қараушыға хабар берген Есбол вагонның астына кіріп, тағы да мұқият қарай бастайды. ТТҚК пунктінің басшылары мен жауапты тұлғалар да келіп жетіп, вагонның ақаулы екеніне көздерін жеткізген соң, вагон құрамнан ажыратылған.    

– Алдымен вагонның оң жақтағы 1-арбашасының бүйірлік рамасының бағыттауыш ось-қорабы үстінде диаметрі 8 мм, тереңдігі 24 мм тесікті көзім шалды. Онда марка-12 №4741-2001ж деген таңба басылыпты. Және де осы вагонның сол жағындағы бірінші арбашаның бүйір рамасының ось-қорапшасының үстінен көлемі 8 милиметр, тереңдігі 12 мм тесік-раковина тағы табылды. Бұл бүйір жақтауда 12 №12177-1997ж деген таңба соғылыпты, – дейді вагон қараушы-жөндеуші Есбол Жұбаназаров.

Ақаулы №50078591 вагон ресейлік «Нефтетранссервис» АҚ меншігіне тіркелген, екі жыл бұрын Челябинск станциясында жөндеуден өткізілген екен.  

 – Есбол Жұбаназаров бұған дейін де біздің ұжымда жұмыс істеп кеткен тәжірибесі бар вагон қараушы. Екі жылдың көлемінде бізге қайта келіп бұрынғы кәсібін жалғастыруда. Оның бір вагоннан екі бірдей ақау тапқаны бәрімізге сенсация болды. Ілуде бір кездесетін оқиға ғой, – дейді Сексеуіл ТТҚК бекетінің бастығы Қайрат Ысқақов.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда