Қазалыда өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
30.05.2024, 13:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы станциясындағы «ҚТЖ-ЖТ» серіктестігінің «Жанармай ресурстары орталығы» филиалында резервуардағы шартты өртті өшіру» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы кезінде тілсіз жаудың жалыны бес минутта өшірілді.  

Өрттің шығуы жайлы сағат 11.00-де қағылған дабылдан кейін бұйрық бойынша  маневрлік тепловоз бекітіліп, Қазалы өрт сөндіру пойызының жеке құрамы орын алған жерге аттанды.11.12 сағатта оқиға орнына жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті.    

Жаттығу кезінде он төрт минутта өрт ошағы оқшауланып, бас-аяғы он тоғыз минутта, оқшауланғаннан кейін бес минут ішінде өрт ауыздықталып, жалыны толық өшірілген. Қазалы өрт сөндіру пойызының бастығы Бауыржан Төлепбергенов оқу-жаттығу кезінде әріптестерінің кәсіби деңгейге сай әрекет еткенін, тактикалық оқу теміржолшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталатынын жеткізді.    

– Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар мекемесінің полковнигі А.Баякеевпен келісілген, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков пен «КТЖ-ЖТ» ЖШС Қызылорда бөлімшесі филиалының директоры Батырхан Базарбаев бекіткен жоспарлы оқу-жаттығуына Қазалы өрт сөндіру пойызының жеке құрамы, техникалары және аудандағы өрт сөндіру мекемелерінен 62 адам жұмылдырылды. Сағат 11.00-де өрт оқиғасының шығуына байланысты дабыл соғылып, станциядағы теміржолшылар өрт жалынын өшіруге кірісіп, оқиға орнына өрт сөндіру пойызының баруы, айналаның бақылауға алынуы, оқшаулау, жалынды сөндіру оқиғаларының барлығы 11 сағат 45 минутта қорытындыланды, – деді Қазалы өрт сөндіру пойызының бастығы Бауыржан Райханұлы.

Тәуліктің кез келген сәтінде орын алуы мүмкін тосын жағдайда жеке құрамның әрекет етуін сараптау, кәсіби шеберлікті шыңдау, салалас мекемелердегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, ынтымақтасып әрекет етуге дағдылануды көздеген жаттығу мақсаты орындалып, қатысушылар тапсырманы толық орындап шықты. Олардың арасында қазалылық өрт сөндірушілердің әрекетін ерекше атауға болады. Себебі жанар-жағармай сақталатын алып резервуардан байқалған қызыл жалынды ауыздықтау үшін қысымды көбікті нысанаға дәл бағыттап, қажет жерінде өрт ошағының ауданына қарай бағыт өзгерту, төгіліп жатқан көбіктің жалынды жауып өшіріп жатқанын бағамдай білу де кәсіби шеберлік пен тәжірибені қажет етеді. Төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда сауатты әрекет етудің үлгісін  көрсеткен Қазалы өрт сөндіру пойызының жеке құрамындағы 17 адам, оның ішінде аға өрт сөндіруші Дастан Нұрғазиев, газ түтінінен қорғау қызметінің шеберлері Марат Жолтай, Қуандық Жеткербай, Сәкен Сарсенбеков, Есен Құсанов ерекше көзге түсті.    

Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау барысында өрттің шығуы аса қауіпті саналады. Осындай қауіптің алдын алу үшін түрлі оқу-жаттығу шаралары маңызды. Қазалы станциясына ұйымдастырылған өрт сөндіру жаттығуы салалық құрамдардың тосын жағдайларға дайындығын пысықтау мақсатына жетіп көзделген нәтижеге қол жеткізді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда