Семейде қозғалыс қауіпсіздігіне арналған кеңейтілген кеңес өтті

Қауіпсіздік
26.06.2025, 13:23
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде филиал басшысы Алмас Сейсемқановтың төрағалығымен келелі кеңес өтті. Басты тақырып – күн тәртібінен түспей келе жатқан қозғалыс қауіпсіздігі.

Басқосуға желі бойындағы мекемелер мен бөлім басшылары, қозғалыс саласына жауапты мамандар және Семей станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.  

Жиынның ашылуында Алмас Ғылымұлы соңғы уақыттарда қалыптасқан ахуалға тоқталып, алдағы атқарылар шаралар қатарын бірлесіп пысықтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл орайда негізгі өзекті мәселе – жылжымалы құрамның шұғыл тежелу фактілерінің алдын алу, желі бойындағы қараусыз мал, жаяу жүргіншілердің амандығы көңіл аудартып отыр.

Жиын барысында НЖС-6 бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Азат Беркімбаев сөз алып баяндама жасады. Ол атап өткендей, жыл сайын қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша жүйелі түрде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте  соңғы бес жылдың ішінде жалпы саны 423 шұғыл тежелу фактілері орын алып, оның 279-ы қараусыз малды қағып кетумен аяқталған. Бөлімше теміржолшылары мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізуде. Ол жайында НЖС-6 бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Қанат Әділханов келелі баяндамасында атап өтті.

Қанат Болатұлы өз сөзінде шаруашылық тәсілмен қараусыз малдан қорғайтын қоршаулар салу ісінде біршама қарқын бар екенін атады. Мәселен, бүгінге дейін 294,3 шақырым қоршау салынып, жөнделген. Биылғы маусым айынан бастап тағы да 92 шақырым қоршау жаңартылады. Оның сыртында желі бойындағы елдімекендер тұрғындарын арасында 110 кездесу өткізіліп, желілік полиция қызметкерлерімен бірге 38 рейд өткізіліпті. Сондай-ақ, тиісті шара қолдану үшін ШҚО және Абай облысының әкімдіктері мен білім және ауылшаруашылық басқармаларына хат жіберілген.

Қынжылтарлығы – жергілікті тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстарынан айтарлықтай нәтиже болмай тұр. Кейбір шаруа қожалықтары ескертулерге немқұрайлы қарап, ірі қара малдарын тіпті түнгі мезгілде де желі бойына қараусыз жіберуде. Ал, кейбір жолаушылар пойыздары сағатына 100\120 шақырымдық жылдамдықпен жүйтікитіні белгілі.  

«Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесінің аумағында, теміржол бойына жақын орналасқан 30 шаруа қожалығы мен 10 ауыл бар. Бұл ретте қараусыз малдан келер қауіптің алдын алу үшін бірқатар мәселелерді көтеріп отырмыз», - деп атап өткен бөлім басшысы обыстық әкімдік басқармаларымен бірлесіп арнайы шараларды қолға алу қажеттігін жеткізді.  

Осы орайда барлық қожалықтардағы малдың арнайы ен-таңбасымен қатар сырғасы да болуы керек. Ол малдың иесін табуға көмектеседі. Сонымен қатар, қараусыз мал иесіне салынатын айыппұл көлемін арттыру да тиісті нәтиже беруі мүмкін. Сол тәрізді әсіресе станциялар бойынша әскерилендірілген күзет қызметін күшейту де қажет.  

Жиын барысында желі бойындағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша бірқатар пікір-ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер сарапқа салынды. Алдағы уақытта жиынның хаттамасы бойынша белгіленген жоспарлы іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Атқарылар жұмыстар бөлімше басшысының назарында тұр.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!