Жамбылда зілзала кезіндегі іс-қимыл пысықталды

Қауіпсіздік
04.12.2025, 14:13
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Мамандардың айтуынша, Жамбыл облысы сейсмикалық қауіпті аумаққа жатады. Соңғы екі жылда өңірде жеңіл және орташа жағдайдағы бірнеше жер сілкінісі тіркелген. Сондықтан мұнда жалпы түрлі саладағы мекеме қызметкерлерінің төтенше жағдайға дайындығы – маңызды мәселе.

Осыған орай жуырда  «Жамбыл жүк тасымалы» және «Жамбыл магистральдық желі» бөлімшелерінің әкімшілік ғимаратында кезекті арнайы сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді. Үш қабатты әкімшілік ғимаратында дабыл белгісі іске қосылып, шартты жағдайда зілзала кезіндегі дүрбелең басталды. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі келгенге дейін кіреберістегі күзетшілер екі филиалдың басшыларының нұсқауына сай сыртқы есікті ашып, іштегілердің далаға шығуына көмек көрсетті.  

Оларға жүктелген алғашқы міндет – есік алдында кептелісті болдырмау. Іштен сыртқа шығуға асыққандардың бір-бірін қағып, таптап кетпеуін қадағалаған күзетшілер көпшілікті барынша сабырға шақырып, нұсқауға қарай әрекет етті.  

Бөлімшелердің басшылық құрамы жылдам эвакуация бағытын айқындауға, уақытша құтқарушылар жасағын жасақтауға кірісті. Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықов рация арқылы жасаққа қызметкерлерді қауіпті аймақтан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру үшін нұсқау беріп отырды.  

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен жедел жәрдем қызметі де көп күттірген жоқ. Мамандар кран арқылы үшінші қабатта қалғандарды терезеден сыртқа шығарып, шартты түрде зардап шеккендерге бастапқы медициналық көмек көрсетілді.

– Арнайы оқу-жаттығуға Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінен 5 техника, 17 адам жұмылдырылды. Оқу-жаттығу жойқын жер сілкінісі кезінде мекеме қызметкерлерінің практикалық әрекеттерге дайындық деңгейін тексеру, басшылық құрамның төтенше жағдайдағы құтқару іс-әрекеттерін қалай ұйымдастыратынын байқау мақсатында өткізілді. Осы арқылы эвакуациялау картасын жасап, ғимараттан сыртқа шығарудың қосалқы жолдарын нақтылап алдық. Дабыл жүйесі жұмысының сенімділігі тексерілді. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйрендік, – дейді бас инженер.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда