Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді

Қауіпсіздік
04.09.2026, 09:20
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Әскерилендірілген теміржол күзеті Тараз филиалының әкімшілік қызметкерлері және шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ күзетшілері 1 қыркүйекте темір жол бойына жақын орналасқан мектептерге барып, профилактикалық сабақ өткізді.

Білім күніндегі алғашқы сабақ темір жол бойында жүріп-тұрудың қауіпсіздік ережелеріне арналды. Мамандар шойын жолда жазатайым оқиғалардың азаймай тұрғанын ескертіп, мұндай фактілерге көп жағдайда зардап шеккендердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болатынын түсіндірді.  

– Оқушылар арасындағы профилактикалық іс-шараларды жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастауды жөн көрдік. Жазатайым жағдайлардың салдарын талдаудан бұрын оның алдын алу маңызды. Әсіресе жасөспірімдерге темір жолдың қауіпті аймақ екенін оқу жылының алғашқы күні тағы да еске салу артық болмайды. Қауіпсіздік ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылатыны да ескертілді. Өйткені оқушылар сабаққа асығып бара жатып, жолды қысқарту үшін темір жолды белгіленбеген жерлерден, жақындап қалған пойыздың алдынан кесіп өтуге тырысады. Біздің мақсатымыз – мұның салдары қандай болуы мүмкін екенін ашық айтып ескерту. Мұғалімдерге, ата-аналар мен оқушыларға әр істің жауапкершілігі бар екенін еске салу, – дейді Әскерилендірілген теміржол күзеті Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов.  

 

Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды