Сырбойылық теміржолшылар күзгі сенбілікті бастап кетті (Фото)

Аймақтар
01.09.2023, 09:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Тазалығын табалдырықтан бастайтын сырбойылық теміржолшылар күзгі сенбілікті бастап кетті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды қаланың бас қақпасынан бастады.

Теміржол вокзалы маңында ұйымдастырылған аймақтық сенбілікке Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев, орынбасарлары Ербол Оңғарбаев, Нұрлан Бимұратов, Қызылорда қосалқы бөлім басшысының орынбасары Бекжан Өтеулиев пен бас инженер Күлхан Белкібаев және Қызылорда станциясындағы барлық салалық мекемелердің басшылары мен қосшылары түгел атсалысып, вокзалдың айналасын, перрон мен жолаушылар пойыздары аялдайтын станциялық екі жолға дейін тазалап, ауқымды сенбілік өткізді. Яғни шараға станциядағы салалық мекемелердің (НЖС, НОДГП, ПП, ПЧ, ЭЧ, ШЧ, Вагонсервис, ТЖС-Кызылорда) толық қатысуын ескерсек, сенбілікті аймақтық деңгейде өткізілді деуге әбден болады. Және мұндай сенбілік Қызылордамен шектеліп қалмай, өңірдегі өзге станцияларда да жалғасатын болады.

– Биыл Қызылорда вокзалы жөндеуден өткізіліп, жаңа түрге еніп, жаңарып жатқандықтан оның айналасының да соған сай экологиялық таза болып, көзге оғаш көрінбеуі үшін аймақтық сенбіліктің осында өтуі өте игілікті іс болды. Барлық теміржол мекемелері бір кісідей қатысып, үлкен жұмыс атқарылды. Таңертеңнен бастап әр мекеменің теміржолшылары өздеріне белгіленген жұмыспен айналысып, вокзал маңы, перронға қоса жылжымалы құрамдардың жүрісіне кедергі келтірілмей, жолаушылар пойызы аялдайтын екі жолға дейін тазартылды, дәл осындай жұмыстар алдағы уақытта аймақтарда да өтетін болады, – деді вокзал шаруашылығы басшысы Нұрлан Бимұратов.  

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты