Үлгілі отбасындағы үйлесімділік

Аймақтар
17.02.2026, 08:36
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігіндегі маңызды тұлға машинистер мен машинист көмекшілерінің жұмысы оңай емес. Жүк және жолаушы құрамдарын тізгіндеген жандардың денсаулығы, жан дүниесінің тыныштығы – қозғалыс қауіпсіздігінің басты кепілі. Жуырда Қызылорда локомотив пайдалану депосында өткен жиынның арқауы осы тақырып болды.

Алдымен Қызылорда депосында, кейін Қазалы айналым депосында өткен жиынға локомотив бригадалары мүшелері мен олардың жұбайлары қатысты. Депо бастығы Нұртай Байғазы бастаған басшылық құрам осынау басқосуды ресми жиын емес, қазақ отбасының дәстүрлі құндылықтарын паш еткен, оның ішінде теміржолшылар отбасының жауапкершілігін айқындаған тағылымды кездесуге айналдыруға тырысты.  

Басқосу барысында депо бастығы 2025 жылы орын алған қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғаларын жанжақты талдап, олардың себеп-салдары сараланды. Әрбір жағдайдың түп-төркініне үңілу арқылы сала мамандарымен бірге қауіптің алдын алу тетіктерін нақтылады.  

Машинист сапарға шығар алдында толық тынығып, физикалық әрі моральдық тұрғыдан дайын болуы пойыз қозғалысының тұрақтылығы мен жолаушылардың амандығына тікелей әсер ететін ерекше фактор екені атап өтілді. Үйдегі түсіністік, отбасы ішіндегі жылылық пен қолдау локомотив кабинасындағы сенімділікке сеп болатыны айтылды.  

– Мыңдаған тонна салмақтағы пойыздың тізгінін ұстаған машинист пен оның көмекшісіне өздеріне деген сенімділік ауадай қажет. Ал ол сенімнің негізі ең алдымен шаңырағындағы тыныштық, жайлылық, жылылық екені сөзсіз, – дейді Қазалы айналым депосының үздік машинисі Тоқтар Алмаханов.  

Кездесуде локомотив бригадалары үшін психологиялық тұрақтылықтың маңызы кеңінен қозғалды. Ұзақ сапар, жоғары жауапкершілік, қозғалыс кестесінің қатаңдығы – барлығы машинистен жоғары зейін мен сабыр талап етеді. Сондықтан сапар барысында назарды бөлетін кез келген факторға, әсіресе ұялы телефонды пайдалануға қатаң тыйым салынатыны тағы бір мәрте ескертілді.  

– Біз қауіпсіздікті тек техникалық талаптар мен нұсқаулықтарды орындаумен ғана шектей алмаймыз. Қауіпсіздік – бұл ең алдымен машинистің кәсіби даярлығы, үнемі жетілдіріліп отыратын білімі мен дағдысы. Сонымен қатар оның психологиялық орнықтылығы, кез келген жағдайда салқынқандылық танытып, дұрыс шешім қабылдай білуі аса маңызды. Ал мұның барлығы отбасының қолдауымен, сенімімен бекіген ішкі жауапкершілікпен ұштасқанда ғана мүмкін болмақ. Сонда ғана шынайы қауіпсіздік мәдениеті қалыптасады. Біздің міндетіміз – осындай кешенді көзқарасты орнықтырып, әр теміржолшының қауіпсіздікке деген жеке жауапкершілігін арттыру, – дейді Нұртай Байғазы.  

Жиында машинистер тарапынан қойылған сауалдардың бірі «Mediker» медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты аталған сақтандыру желісінің шарттары түсіндіріліп, машинистер өз полисіне отбасы мүшелерінен екі адамға дейін қоса алатыны айтылды. Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары машинистер отбасына тәп-тәуір көмек болып, олардың кәсіби міндетін алаңсыз атқаруына жол ашады.  

Кездесу соңында үлгілі отбасындағы үйлесімділіктің қандай болатынын көрсетіп отырған бірқатар шаңырақтардың аты аталып, оларға алғыс айтылды, жұбайларына гүл мен Алғыс хат табысталды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды