Наурыз айы туғанда...

Аймақтар
26.03.2026, 17:21
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Наурыз мерекесін Сыр бойының теміржолшылары кең көлемде, ерекше атап өтті. Бұл күні ұлттық құндылықтар дәріптеліп, спорттық ойындар ұйымдастырып, үздіктер марапатталды.  

Наурыз тойы өнерпаздардың сахналық қойылымымен басталып, дәстүрлік ойындарға ұлысты.  Бөлімше маңындағы алаңда Қызылорда ЖТ бөлімшесі директорының м.а. Мейрамбек Шолтабаев, бас инженер Күлхан Белкібаев, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, Аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Шайжан, тағы басқалар сөз алып, көпшілікті  ұлыстың ұлы күнімен  құттықтады. Марапатсыз мереке мереке ме?!  «ҚТЖ-ЖТ» Қызылорда агенттік пунктінің жүк және багажды қабылдап-тапсырушылары Жарас Утебалиев, Белкөл станциясынан Айнұр Иярова, Қызылорда локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисінің көмекшісі Талғат Миржанов бөлімше басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Наурыз – ұлттық рухтың жаңғыратын шағы. «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты спорттық шара өтіп, бөлімшенің спорт секторы Бақытжан Имбергенов, кәсіподақ ұйымының жаңа төрайымы Ғалия Қожахметова жүлдегерлерге бағалы сыйлық табыстады. Мерекеде ерекше нақышта ұлттық киім киген теміржолшыларға да арнайы сый-сияпат жасалды. Наурызкөжеден дәм татқан теміржолшылар изгі тілектерін айтып, бір-бірін құттықтап жатты...

– Жалпы, биылғы Наурыз теміржолшылар үшін халықтық сипатта өтті. Айдың 13-нен бастап тораптық станциялардағы салалық мекемелердің кәсіподақ ұйымы жетекшілері мен филиал қызметкерлерінің ұйымдастыруымен түрлі шаралар өткізіліп, ұжымдық ынтымақтың беки түсуіне ықпал етті. Шиелі, Сексеуіл тораптық бекеттеріндегі теміржорлшылар мен Қазалыдағы жол, белгі беру, электрмен жабдықтау дистанцияларында өткізілген наурыз күнделігі ұлағатты істермен, тағылымдық әсерімен көпшіліктің жүрегіне жылылық ұялатты, көрермендердің қызу қолдауына ие болды, – дейді «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Қызылорда филилалы төрағасы Бауыржан Ахметов.  

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес