25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Машинистер білімін арттыруда

Аймақтар
27.04.2026, 11:42
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда локомотив пайдалану депосы өткен жылдың тасымал межесін 20 598,834 млн ткм брутто көлеміне жеткізіп, жоспарды 103,9 пайызға орындаған. Биыл да жоғары көрсеткішпен жұмыс істеп жатқан машинистер ұжымының  тыныс-тірлігі мен алға қойған міндеттері жайлы депо бастығы  Нұртай Байғазы айтып берді.    

Локомотив депосы бойынша өткен жылы қозғалыс қауіпсіздігі бұзуылуының 1 дерегі тіркелді. 21 ақпанда орын алған «оқиға» санатына жатқызылған жағдайды таратып айтар болсақ, машинист Алмағанбетовтің басқаруымен, Қазалы – Жосалы учаскесінде келе жатқан ТЭ33А сериялы №0196 тепловозынан ақау шығып, локомотивті ауыстыруға мәжбүр болған.

Төретам станциясынан жөнелу кезінде дизельді қозғалтқыш (ДВС) тоқтап қалған. Компьютерді бірнеше рет қайта жүктеу нәтиже бермеген соң, көмекші локомотив сұратылған. Тексеру қорытындысы оқиғаның себебі локомотив бригадасының дұрыс әрекет жасамауы екенін анықтаған. Жүргізілген талдау нәтижесінде локомотив бригадасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс жарияланыпты. Сонымен қатар машинист жолаушылар пойызынан жүк пойызын тасымалдау қозғалысына ауыстырылған.

Аталған жағдайға байланысты локомотив бригадаларымен ТЭ33А сериялы тепловоздардың және автоматтандырылған жүйелердің (АС) құрылысын тереңдетіп оқыту бойынша қосымша техникалық сабақтар өткізіліп, оның қорытындысы бойынша машинистерден сынақ қабылданған. Қысқасы, машинистер білімін арттыруға жан-жақты көңіл бөлінуде.      

Ағымдағы жылдың алғашқы айларында көрсеткіш бірқатар маңызды нәтижелермен ерекшеленеді. Өндірістік көрсеткіштерге сүйенсек, салада тұрақтылық пен жоспарлы даму айқын байқалады. Әсіресе, тасымалдау көлемінің артуы мен негізгі техникалық көрсеткіштердің жақсаруы – жүйелі жұмыстың нақты дәлелі.

– Тасымал жұмысы 20 598,834 млн ткм брутто көлеміне жетіп, жоспар 103,9 пайызға орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 107,9 пайыздық көрсеткішке тең. Техникалық жылдамдық сағатына 52,25 км көрсеткішпен 100,2 пайызға жетті. Пойыздың орташа салмағы 3177,26 тонна болып, жоспар 101,3 пайызға орындалды. Локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі 841,65 км көрсеткішпен 98,2 пайызды құрады. Локомотивтердің орташа тәуліктік өнімділігі 2 660,38 мың ткм брутто көлемінде орындалып, жоспар 99,0 пайыз болды. Локомотивтің пайдалы жұмысы тәулігіне 16,11 сағат болып, жоспар 98,0 пайыз деңгейінде орындалды. Ал өткен айдың қорытындысы бойынша, тасымалдау жұмыстары техникалық жоспардан асыра орындалды. Жоспарланған 1569,7 млн тонна-километр бруттоның орнына нақты көрсеткіш 1638,3 млн тонна-километрге жетіп, жоспардық орындалуы 104,4 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда да жоғары нәтиже көрсетіп отыр, – дейді Қызылорда локомотив пайдалану депосының бастығы Нұртай Байғазы.

Сонымен қатар пойыздардың орташа салмағы да жоспардан артып, 3215 тоннаға жеткен. Техникалық жылдамдық көрсеткішінде өткен жылмен салыстырғанда оң динамика сақталған.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде