25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Құрмет төрінде – теміржолшылар

Аймақтар
04.08.2026, 09:59
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда облыстық драма театрында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысқан салтанатты шара көлік қызметкерлері күніне арналды. Сала ардагерлері мен аймақ теміржолшыларын кәсіби мерекемен құттықтаған әкім отызға жуық сала маманын марапаттап, олардың ерен еңбегіне құрмет көрсетті.

Салтанат барысында аймақ теміржолын дамытуға үлес қосып жүргендер қатарында Қызылорда жол дистанциясының бастығы Ербол Оңғарбаев, Жосалы станциясының бастығы Бауыржан Баянов, ревизор Алмат Молдашев, электромеханик Әкімбек Керімханов, кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Ноғайбаева, инженер Ахметқали Елеусінов және бірқатар теміржолшы облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Көлік министрлігінің «Құрметті теміржолшы» атағымен, салалық «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік жас маман», «Үздік жол шебері», «Үздік байланысшы» төсбелгілерімен, Құрмет грамотасымен және «III дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен марапатталды.  

Мемлекет басшысының көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларына тоқталған облыс әкімі теміржол саласының ел экономикасындағы стратегия лық маңызын ерекше атап өтті.  

Сахна төрінен аймақ теміржолшыларын кәсіби мерекемен құттықтаған Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев теміржолдың ел экономикасының тұрақты дамуына серпін беретін, өңірлер мен халықты байланыстыратын стратегиялық маңызы зор сала екенін тілге тиек етті. Осы жауапты қызметтің үздіксіз әрі қауіпсіз орындалуына күн сайын адал еңбек етіп жүрген әріптестеріне алғысын білдіріп, сала үздіктерін марапаттады.  

Жиында өңірдің теміржол саласында 7 мыңнан астам адам еңбек ететіні, осынау теміржолшылардың еселі еңбегі арқасында облыс арқылы өтетін жүк пен жолаушылар легі кесте бойынша кідіріссіз жүргізіліп жатқаны, Сыр өңірінің транзиттік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқаны айтылды. Салтанатты шараны облыс өнерпаздары ән-жырмен өрнектеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.  

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде