Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді

Аймақтар
21.08.2026, 15:28
Оқуға 2 мин

Арыс станциясында автомектеп курсанттарының қатысуымен профилактикалық акция өтті. Іс-шара ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясы және «Заң мен  тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Болашақ жүргізушілер локомотив кабинасында болып, теміржол өткелін машинист көзімен көрді. Арыс локомотив депосының нұсқаушылары курсанттарға пойыздың салмағы мен жылдамдығы, тежеу жолы және құрамды басқару ерекшеліктері туралы айтып берді.

Кездесудің басты мақсаты –  өткелде неге тәуекелге бармау керектігін және машинист пойызды көлік алдында тоқтата алады дегенге  сенуге болмайтындығын көрсету. Шұғыл тежеу қолданылғанның өзінде де көп тонналық құрам жеңіл машина сияқты тез тоқтай алмайды.

«Авто көлік рөлінде жүргізуші пойызды бір  жанынан көреді. Біз жағдайға машинист көзімен қарауды ұсынамыз. Өткелде пойыз басымдыққа ие және оның тоқтау жолы жүздеген метр болуы мүмкін. Сондықтан жалғыз қауіпсіз шешім — тыйым салу сигналы кезінде өткелге шықпау және әрдайым жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізу», — деп атап өтті депо машинист-нұсқаушысы Сәбит Ахметов.

Акция болашақ жүргізушілермен профилактикалық жұмыстың бір бөлігіне айналды. Мұндай кездесулер теміржол нысандарында өтеді және жүргізуші куәлігін алғанға дейін де автокөлік жүргізушілерінің жауапты мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі.

«Теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік қозғалыстың әрбір қатысушысына байланысты. Жүргізушінің бір қателігі өзі үшін ғана емес, пойыз жолаушылары мен локомотив бригадасы үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», — деп атап өтті машинист-нұсқаушы Сәбит Ахметов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды