Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Аймақтар
24.08.2026, 08:32
Оқуға 1 мин

Павлодар локомотив пайдалану депосының қызметкерлері жекпе-жек және аралас ұрыс өнері (MMA) клубының тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді. Шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ел бойынша өтіп жатқан ҚТЖ-ның «Қауіпсіз теміржол» акциясы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржолшылар балаларға теміржол нысандарының жанында өзін қауіпсіз ұстау ережелерін түсіндірді. Әсіресе, белгіленбеген жерде жолға шығуға, теміржолды тыйым салынған тұстан кесіп өтуге, сондай-ақ рельс маңында ойнауға және серуендеуге болмайтынына ерекше назар аударылды.

Жас спортшыларға қозғалыстағы пойызды бірден тоқтату мүмкін емес екені, ал теміржолдағы кез келген абайсыз әрекет қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін екені ескертілді.

Кездесу соңында балаларға теміржолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

Балалармен мұндай кездесулер өткізу — теміржолшылар жұмысының маңызды бөлігі. Бұл іс-шаралар өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында жас кезінен бастап өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ҚТЖ, сондай-ақ, ел аумағында «Қауіпсіз өткел» акциясын да өткізіп жатыр. Теміржолшылар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге теміржол өткелдерінен өту кезінде ережелерді қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты