Оқыту шеберлігі озық
Аймақтар
01.08.2016, 11:01
Үнемі білім жетілдіруді қажет ететін саланың бірі – вагон шаруашылығы. Нұсқаулықтарды оқып, қауіпсіздік ережелерін қайталап, тежегіш құралдарын ретімен пайдалану, балғамен ұрып, вагондардың ешкім байқамас сызаттарын табу арқылы апаттардың алдын алатындар ылғи білімдерін тәжірибе арқылы шыңдап отыруға тиіс.
Бұл жағынан Астана вагон пайдалану депосында білікті мамандардың оқыту шеберліктері озық деуге болады. Сондықтан депоның өндірістік оқыту шебері Сергей Ковцур жан-жақтан біліктіліктерін көтеруге келетін вагоншыларды мекеме базасында оқытып жіберіп отырады. Одан басқа өз вагоншыларын да аптасына екі рет техникалық сабаққа қатыстырып, жарты жылда бір рет тест сұрақтарын тапсыртқызса, екі жылда бір емтихан қабылдайды.
–Жоспарлы және жоспардан тыс сабақтар болады. Техникалық сабақтар өткізу үшін тақырыптық жоспар құрылады. Сабақ өтетін техникалық кабинетіміз талаптарға сай жабдықталған. Жаңа нұсқаулықтан тақырыптар алып, жолдан шығып кету, бүйір рамасының ақаулығын табу оқиғаларына қатысты мәліметтер берумен қатар, оларды қолмен ұстап, бөлшектерді шашып, қайта жинау үшін кабинетте барлық көрнекіліктер қойылған. Әрбір вагоншы кем дегенде айына бір рет сабаққа қатысуға тиіс. Қатыспау себептерін анықтап, қабілеттерін жұмыс барысында тексеріп, кемшіліктеріне қарай сабаққа қатысуға шақырылады. Олардың жұмысын инструкторлар барып бақылайды, – дейді білікті оқыту шебері Сергей.
ВЧД – 8 мекемесінде биыл алты айда өткен сабақтарға 1635 вагоншы қатысыпты. Жоспарлы түрде 49 сабақ ұйымдастырылған. Одан бөлек вагонның қай бөлігінен ақаудың көбірек табылғанына қарай, сол бөлікке қатысты «Абайла, тежегіш», «Абайла, бүйір рамасы» немесе «Доңғалақтар дискі» деген сияқты айлық акциялар өткізіледі. Разрядтарын көтеру үшін еліміздің вагоншылары осы депомен қатар Астанадағы Оқу орталығында, сонымен қатар Тараз, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларындағы теміржол мектептері немесе оқыту орындарында дәріс алады. Биыл аталған жерлерге депоның 52 теміржошылшысын оқыту жоспарланған болса, соның 33-і біліктіліктерін көтеріп келді. Қалғандары жылдың аяғына дейін кәсіби деңгейлерін көтеруге барады. Оқыту курсынан өткендерге арнайы сертификат беріліп, сол арқылы оған белгілі бір разряд бойынша жұмыс істеуге рұқсат беріледі.
–Менің білуімше, Павлодар мен Астанада оқыту деңгейі жоғары. Біз депо вагоншыларын жақын облыстарға жіберуге тырысамыз. Ұдайы білім жетілдірудің нәтижесінде биыл біздің вагон қараушылар депо арқылы тексеруден өткен вагондардан 59 ақаулықты анықтады. Арба бөлшектері жөнінен 13, бүйір рамасы сызатынан 11 ақау тапты. Сонымен қатар қауіпсіз қозғалысқа қауіп төндіретін өзге де кемшіліктер табылып жатады. Осындай қырағылығы үшін Қырқыншы станциясының өзінен 9 вагон қараушы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, – дейді оқыту шебері. Өз саласының қыр-сырын шебер меңгерген Сергей Ковцур – 40 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы. Әкесі де вагоншы болған, қазірде ұлы да вагон шаруашылығында бас маман.
Райхан Рахметова
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты