«Денсаулық» пойызы – Оңтүстік Қазақстанда

Аймақтар
03.08.2016, 09:51
Оқуға 3 мин
Оңтүстіктің он алты шағын бекет, разъездерін аралап келе жатқан «дөңгелек үстіндегі емхана» 21 шілдеден бері  – он күнде 1300 адамды қабылдаған.      Түркістаннан бастау алған сапар Ақшоқат, Шойтөбе, Отырабат, Монтайтас, Қостүйін, Жылға, Шеңгелді, Қалаш, Леңгір сынды шағын станцияларда жалғасып,  осы демалыс күндері  Төле би ауданындағы Тоғыс бекетінде тұрғындарды қабылдауда. Пойыздың бас дәрігері Жанар Шағырбаеваның айтуынша, ақ халаттылар он күнде бес рет жеңіл-желпі  ота жасаған. Сондай-ақ, бұл жолы тексеруден өткендердің арасында қатерлі ісік пен өкпе аурулары кездескен.    – Былтырғы жылмен салыстырғанда, бізге тексеріліп тұратын науқастардың біразы өз денсаулықтарына күтіммен қарап жүргенін байқадық. Әр келген сайын ауруына орай жолдама бергендіктен, созылмалы сырқаты бар кісілер тұрақты ем қабылдайтынын айтуда. Тексеруден өткен 300 балада бронхит, пневмония сынды созылмалы өкпе аурулары жиі ұшырасты. Арасында тері венерологиялық аурулар да анықталды. Осы тері аурулары экологияның ластығынан болуы мүмкін. Оның үстіне жазда ата-ананың бақылауынсыз қалған жеткіншектер шалшық суға түсіп, соңынан таза сумен жуынбайды. Үлкендермен балаларға гигиеналық тазалық туралы жиі әңгімелеуді айтып жатырмыз әр станцияда.  Ал, әйелдердің біразынан жатыр мойнындағы эрозияны байқадық. Қатерлі ісікпен есепте тұратын науқастар да ағзасын бір тексертіп алды. Сондай-ақ, УДЗ арқылы байқағанымыз, бүйрек сырқаттарын асқындырып алғандар көбірек болды. Ер кісілерге қан құрамындағы холестерин мен қанттың жоғары болуын анықтайтын тест қолданылды. Он минуттың ішінде зертхананың мәліметі шығып, қанында қант пен холестериннің мөлшері көбейген кісілер анықталды. Бұл ауру майлы тамақтарды көп тұтынып, дене қозғалысын жасамағаннан пайда болады. Одан бөлек, күнделікті тірліктегі күйзеліс жағдайлардың әсері бар, – дейді Жанар Малыбайқызы. Ақ халаттылар пойызында терапевт, кардиолог, невропатолог, акушер гинеколог, маммолог, дәрігер зертханашылар, көз, құлақ дәрігерлері бар. Оған қоса, педиатор, стоматолог, УДЗ және рентген мамандары, асқазан жүйесін тексеретін эндоскопист сынды 16 денсаулық сақшылары  жұмыс істеуде. Тоғыстан әрі  пойыз Састөбе, сосын соңғы Көктерек бекетіне аялдайды.    Ауылдық медпункттердегі дәрігерлер де пойызға келіп, тәжірибелі мамандардан ақыл-кеңес сұрап тұрады екен. Бас дәрігерден білгеніміздей, күн сайын 150-250 шамасында тұрғындар пойыздың есігін қағады. Тексеруден өткен тұрғынның сырқаты анықталса,  дәрігерлер жергілікті амбулаториядағы әріптестеріне жолдамамен жібереді.   Одан кейін науқастық сауығуы өзі мен жергілікті емхана қызметкерлеріне байланысты болмақ. Пойыздағы мамандардың міндеті – тек шұғыл көмек көрсетіп, сырқатын анықтап, толықтай емделуіне жөн сілтеу.  – УДЗ мен асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасын осында эндоскопиялық аппарат арқылы тегін тексереміз. Қазір портал жүйесі арқылы науқасқа облыстық, республикалық емханаларда емделуіне жағдай жасалуда. Республика бойынша бір портал жүйесі болғандықтан, интернет қай күні бекітсе, сол күні науқасты ауруханада жатып емін бастайды. Ол үшін қалаға келіп тексеріліп жүргенше, ауылдан порталға тіркеліп емделу оңай, – дейді Жанар Шағырбаева.   

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды