Табиғат аясындағы демалыс

Аймақтар
18.05.2016, 17:39
Оқуға 2 мин
Жамбыл жол бөлімшесінің қызметкерлері мамыр мерекелерін тамаша пайдалана білді. Жол бөлімшесінің әкімшілік қызметкерлері және жедел басқару бөлімінің мамандары Тараз қаласының іргесіндегі Жасөркен ауылының жанынан ағып жатқан Аса өзенінің бойында, табиғат аясында демалыс ұйымдастырды. – Мереке күндері әрі демалыс, әрі саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында осындай демалыс ұйымдастырып, күнделікті жұмыстан қажыған мамандарымызды бір сергітуді ойладық. Әкімшілік және жедел басқару бөлімінің арасында спорттың он түрі бойынша жарыс ұйымдастырылды, – дейді Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков. Табиғат аясындағы денмалыс теміржолшылардың спортқа деген құлшынысын арттыра түскен, әрқайсысы өз командаларына ұпай жинауға тырысты.  Ерлер арасында 60 метр қашықтыққа жүгіруде бірінші орынды жедел басқару бөлімінің маманы Мамед Шилімбетов иеленіп желаяқтығын дәлелдесе, келесі екінші орыннан әкімшілік қызметкері Мейрамбек Жұматаев, үшінші орыннан жедел басқару бөлімінің маманы Бауыржан Ұстаев көрінді. Сондай-ақ, қыздар арасындағы 50 метр қашықтыққа жүгіруден әкімшілік қыздары алдына жан салмады. Жүлделі бірінші орын Айтолқын Жайлаубаеваға, екінші орын Гүлжан Ақшораеваға, үшінші орын Юлия Сотниковаға бұйырды. Волейболдан әкімшілік командасының мерейі үстем болды. Шағын футболдан да әкімшілік қызметкерлері алдына жан салмаса, арқан тартуда олар жедел басқару бөлімінің қызметкерлеріне есе жіберіп қойды. Кір тасын көтеруде жедел басқару бөлімінің қызметкерлері Ербол Мырзалиев бірінші, Талғат Сапарбеков екінші, әкімшілік қызметкері Азамат Досжанов үшінші орынды қанжығалады. Үстел теннисінде Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков бірінші, Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері Қыдыр Бегалиев екінші және жол бөлімшесінің қызметкері Болат Абдуов үшінші орынды иеленді. Нардыда Мейрамбек Серікбаев бірінші, Асылхан Тайлақбаев екінші, Асқар Әлімбаев үшінші орыннан көрінді. Сөйтіп, табиғат аясындағы демалысын қызықты өткізген әулиеаталық теміржолшылар бір серігіп қалды.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты