Оңтүстікте күн суытып, қыс келді...

Аймақтар
29.11.2016, 12:12
Оқуға 2 мин
Шымкент жол дистанциясының мамандары үшін бұл апта қарбаласпен басталды. Сенбі түннен бастап жексенбі күнімен жауған қардан жолшылар бұрмаларды аршыса, электр мамандары әуе желілерін тексерді. Күн күрт суытқандықтан  электр желілері тартылып, сымдар бір-біріне жабысып қалу қаупі байқалды. Аға электр механик Тұрар Керімқұлов ауыспалы мұнара құрылғысы арқылы әріптестерімен электровоз тоққабылдағыштарының өз мөлшерінен шығып кетпеуін бақылап шықты. Ал, Шымкент станциясының  «Оңтүстік» алқымында аға жол шебері  Еділбек Тағаевтың басшылығымен 8 жолшы кешке дейін 45 бағыттағыш бұрманы қардан аршыды.  Жалпы, Шымкент жол дистанциясы бойынша жексенбі күні 65 маман, түнгі ауысымда 36, дүйсенбіде 45 жолшы бұрмаларды ақ ұлпадан тазалаған. Бұрмалар қарға тығылып қалмас үшін,  дистанциядан бөлек 13 мекемеден мамандар бөлініп, қармен күресті бірлесе атқаруда. Қарашаның 21-і мен  желтоқсанның 21 аралығында Шымкент жол дистанциясында «Жолды ағымдағы күтіп ұстау мен рельстердің жағдайын бақылау» айлығы басталды. Суықта рельстер тартылатындықтан, аязға сынып не болмаса майысып  ақау орын алуы мүмкін. Айлық барысында барлық рельс бойы толық тексеріліп, қай жеріне қандай жөндеу керектігін анықталады. – Бұрмалар мен рельстер арасындағы саңылауларын тексеріледі. Сосын аптасына бір рет телімге шығып арбашықтардың жұмыс атқаруын, техникалық жағдайын қараймыз. Әсіресе түйіскен рельстердің арасындағы саңылауларына қатты мән беріледі. Егер, рельс арасындағы саңылаулар ашылып кетсе апат орын алуы мүмкін. Дистанция бойынша қазір 13 арбашық бар, бірақ алтауының жағдайы төмен, яғни 50 пайызы ескірген. Сонда да ескілерін амалдап  26 оператор осы арбашықтармен үнемі рельс бойын қадағалап тұрады, – дейді ақаутапқыш цехының шебері Бейбіт Ақбердиев.

Динар МЕЙІРМАН,  Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті