«Ұмтылfest»: Дружба келесі кезеңге өтті

Спорт
20.04.2024, 20:35
Суретті түсірген автор
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

20 сәуір күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас ғимаратында «ҰмтылFest» спорттық іс-шарасының кезекті іріктеу сайысы өтті. Бұл жолы теміржолшылардан құралған «Дружба», «Алаш» және «Қайсар» командалары бақ сынасып, кім мықтыны анықтады.

Теміржолшылар арасында өтіп жатқан «ҰмтылFest» спорттық шарасы дәстүрлі сайысқа айналды десек болады. Осымен үшінші рет өткізіліп отырған шараға теміржолшылар үлкен ықылас білдіріп, қуана қатысуда.

Шараның ашылу рәсімінде «Қазақстан теміржолшысы» газетінің бас редакторы Дина Муздубаева қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол кісі әділқазылар құрамында болып, ойынды бастан аяқ жіті бақылап отырды.

Сайыстың шарты бойынша спортшылар үш іріктеу сайыстан өтеді. Әр кезеңде жеңіске жеткен команда финалға жолдама алады. Әр іріктеу сайысында 10 адамнан тұратын үш команда жарыс жолына шығады. Сайысқа барлығы 90 теміржолшы  қатысуда, олардың басым көпшілігі спортты серік еткен жандар. Іріктеу сайысының бірінші кезеңі филиалдар арасында өтсе, осы жолы еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында болды.  

Ойынның басты талабы қатысушы ұйымдар жеке команда ретінде қатыса алмайды, команда жалпы қатысушылар арасынан іріктеледі, яғни рандомды ереже бойынша түзіледі. Бұл әр бөлімнің қызметкерлері бір-бірімен білісіп, жақсы қарым-қатынас қалыптастыра білуі үшін жасалып отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның әлеуметтік-саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиев биылғы сайыстың өзіндік ерекшелігі барын жеткізді.

«Биылғы ойынның өзгешелігі – үшінші кезеңге «Самұрық-Қазына» Қорына кіретін өзге компаниялардың белсенді жастары қонақ ретінде қатысады. Ойынның басты мақсаты – жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және қызметкерлердің бір-бірімен байланыс орнатуына жағдай жасау», - дейді Е. Жаналиев.  

Қызықты да, тартысты өткен эстафеталық ойын барысында Дружба командасы о бастан өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, жоғары ұпаймен жеңімпаз атанды.

Ойынның қорытындысы:

- Дружба – 89 ұпай;

- Алаш – 87,5 ұпай;

- Қайсар 86,5 ұпай.

Жеңіске жеткен Дружба командасының капитаны Бауыржан Сәбитұлы жоғары ұпай жинауға команда мүшелерінің ұйымшылдығы себеп болғанын айтады.

«Бүгінгі сайыс өтке тартысты өтті. Барлығымыз бір-бірімізді бұрыннан көрмесек те бір адамдай атсалыстық. Маған ұнағаны командамыз ұйымшыл болды әрі бәрі жеңіске жетуіміз керек деген қалаумен келді. Соның арқасында біз жеңімпаз атандық. Осындай әдемі көңіл-күй сыйлаған сайыстың ұйымдастырушыларына алғыс айтамын», - дейді команда капитаны.

Ойынның келесі іріктеу кезеңі сәуірдің 27 күні өтеді.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда