2023 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың теміржол инфрақұрылымын дамытуға деп бөлген инвестициясы 6,6 %-ға артып, 113, 55 млрд юанға жетті, яғни 16,5 млрд АҚШ доллары шамасында, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жыл басынан бері жаңадан үш жоғары жылдамдықты желінің жолын төсеу аяқталды, бұдан өзге тағы бірнеше негізгі жобалар жүзеге асырылуда.
Қазір Қытай елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жекелеген аймақтар арасындағы көлік байланыстарын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Сондай-ақ көрші ел 2025 жылға қарай теміржол желілерінің ұзындығын 165 мың шақырымға жеткізуді көздейді, оның 50 мың шақырымы жүрдек пойыздарға арналған жол болмақ. 2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қытайдағы теміржол желілерінің жалпы ұзындығы 155 мың км құраған.