Иран мен Әзербайжан «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойынша ынтымақтастықты нығайтуда

Әлемде
29.01.2025, 10:22
Оқуға 1 мин
фото: IRNA

2025 жылғы 22 қаңтарда Тегеранда өткен Иран-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының отырысында екі елдің теміржол компаниялары Астара станциясының ирандық бөлігінде жүк терминалын салу және пайдалану жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сол күні үкіметаралық хаттама бекітіліп, оған сәйкес терминалдың 35 га аумақтағы бас жоспары мақұлданды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Сондай-ақ инвестиция көздері анықталып жатыр.

Терминалдың іске қосылуы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін толық пайдалануға мүмкіндік береді. Екі ел алдағы 5 жыл ішінде Иран мен Әзербайжан аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалының көлемін 15 млн тоннаға дейін арттыруға уағдаласты.

Астарадағы жүк терминалдары Әзербайжан мен Иран аумағында орналасып, көлік дәлізінің батыс тармағының маңызды элементтері болып табылады.

Ирандағы Астара – Решт теміржол учаскесі толық пайдалануға берілгеннен кейін транзиттік жүк ағындары осы терминалдан Парсы шығанағындағы Бендер-Хомейни, Бушир, Бендер-Аббас және Чабахар порттарына бағытталады.

Әзербайжанның Астара терминалы қайта жаңғыртылғаннан кейін шекара өткелінің өткізу қабілеті 10-15%-ға артқан.

Қазіргі уақытта екі жүк терминалы да Әзербайжан темір жолдары (ADY) компаниясының «Оңтүстік жүк терминалы» еншілес кәсіпорнының басқаруында.

 

Жаңалықтар
19.10.2026
Теміржол вокзалдарындағы сары белгі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Аймақтар
19.10.2026
Маңғыстау жол дистанциясына – 60 жыл
Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия