АҚШ-тағы ұзын құрамды жүк пойыздар

Әлемде
07.08.2025, 12:14
Оқуға 4 мин
Фото: Union Pacific
Қазақстан теміржолшысы

АҚШ Конгресі көлік министрлігіне ұзындығы 2286 метрден (7500 футтан) асатын жүк пойыздарын (әсіресе құрамалы) пайдалануға байланысты қауіпсіздік пен басқа да факторларды бағалауды тапсырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл мәселені зерттеу үшін құрылған комитет өз қорытындысында құрамалы пойыздардың ұзындығына шектеу қоюды талап етпейді, дегенмен олардың қалыптастыру және жүргізу ережелері сақталуы керек. Мұндай пойыздардың қозғалысы теміржол өткелдерінің жабық тұру уақытын ұзартып, автокөлік жүргізушілеріне және жалпы халыққа қолайсыздықтар туғызатынын, сондай-ақ жолаушылар пойыздарының өтуіне елеулі кедергілер жасайтыны анық.

Соңғы жиырма жылда АҚШ-та ұзын құрамды пойыздардың саны үздіксіз артып келеді, негізінен бірінші класты алты теміржол компаниясында. 2019 жылы АҚШ-тың Бас есеп басқармасы (GAO) екі теміржол компаниясының деректеріне сүйене отырып, 2008 жылдан 2017 жылға дейін жүк пойыздарының орташа ұзындығы 25 %-ға артқанын хабарлады. 2021 жылға қарай жүк пойыздарының шамамен 25 %-ның ұзындығы 7500 футтан (2286 м) асқан, ал кейбірінің ұзындығы 14 мың футқа (4267,2 м) жақындаған. Теміржолдар пойыздардың ұзындығын, әсіресе құрамалы пойыздардың, шығындарды азайтып, бірдей көлемдегі жүкті аз пойызбен тасымалдау мақсатында арттыруда.

2017 жылғы тамызда Виргиния штатының Бедфорд округінде 178 вагоннан тұратын пойыз апатқа ұшырап, қауіпті заттардың төгілуі мен өрт шыққан. АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) бастаған тергеу барысында ұзындығы 3234 м пойыздың жасақталу тәртібіне және локомотив машинисінің еңіс жолда қозғалыс жылдамдығын бақылау үшін тежеуіштерді қолдануына назар аударылды. Бұл жағдайда пойыздың басында орналасқан бос вагондар артынан келе жатқан ауыр жүк тиелген вагондардың қысымымен рельстен шығып кеткен. Бас есеп басқармасы бұл оқиғаны әртүрлі типтегі және массалы вагондардан тұратын ұзын пойыздарды қалыптастыру кезінде ережелер мен регламенттерді қатаң сақтау қажеттігін көрсететін мысал деп таныды.

2021 жылғы қарашада АҚШ Конгресі көлік министрлігіне ұзындығы 7500 футтан (2286 м) асатын жүк пойыздарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік және басқа да факторларды зерттеуді тапсырды. АҚШ-тың Федералдық теміржол әкімшілігінің (FRA) демеушілік қолдауымен Көлік зерттеулері кеңесі Ұлттық ғылым, инженерия және медицина академияларымен (NASEM) бірлесе отырып, 2022 жылғы қыркүйекте осы мәселені зерттеу үшін жүк және жолаушы қозғалысын ұйымдастыру, қауіпсіздік және заңнама салаларындағы әртүрлі бағыттардан 12 сарапшыдан құралған комитет құрды.

Зерттеу міндеттері ең алдымен ұзын құрамды пойыздарды әртүрлі жер бедері мен қоршаған орта жағдайларында пайдаланудың, қысқа пойыздарға қарағанда, қауіпсіздік тұрғысынан әлеуетті тәуекелдерін бағалаудан тұрды.  

Ұзын құрамды пойыздардың қауіпсіздігі

Ұзын құрамды маршруттық пойыздар АҚШ-та 80 жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді. 180 және одан да көп вагоннан тұратын көмір және кен таситын пойыздар 1940-жылдардан бастап шектеулі бағыттарда қатынайды. Құрама бойынша локомотивтерді тарата орналастыру технологиясы бойлық күштерді бақылауды қамтамасыз етіп, берік тіркегіш құрылғылардың пайда болуы теміржолдарға 1960-жылдардың басында 120 және одан да көп вагоннан тұратын маршруттық пойыздардың қатынау аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді. Сол кезеңде кейбір теміржолдар құрамалы пойыздардың ұзындығын арттыру бойынша тәжірибе жүргізе бастады. Айнымалы тоқ электр берілісі бар тепловоздардың пайда болуы, соның ішінде күрделі профильді бағыттарда, маршруттық пойыздардың массасы мен ұзындығын одан әрі арттыруға жағдай жасады.

1990-жылдары жүк пойыздарының қозғалысын қатаң кесте бойынша ұйымдастыру (Precision Scheduled Railroading, PSR) әдісі енгізіле бастады. Бұл бұрынғыдай пойызды тек жеткілікті жүк вагоны жиналған соң ғана жөнелту тәжірибесін алмастырды. GAO деректері бойынша, бұл ұзын құрамды пойыздардың көбеюіне ықпал етті. Нәтижесінде 2011 жылдан 2021 жылға дейін бірінші класты теміржолдардың локомотив паркі 5 %-ға, жүк вагондары 32 %-ға, ал қызметкерлер саны 28 %-ға қысқарды.

PSR әдісіне көшкен теміржолдардың көпшілігі бірнеше жүк ағындарын жинақтау немесе тарату пункттерінің (станциялар мен терминалдардың) арасында қатынайтын транзиттік пойыздардың ұзындығын арттырды. АҚШ-тың Жерүсті көлігі жөніндегі кеңесі транзиттік пойыздарға құрамалы және контейнерлік пойыздарды (оның ішінде автомобиль тіркемелерімен) жатқызады, бірақ жергілікті және маршруттық пойыздарды оған қоспайды. Құрамалы және контейнерлік пойыздардың ортақ сипаты – олардың құрамында әртүрлі ұзындықтағы, массасы (порожний және жүктелген) мен түрі әркелкі вагондар болуы, соның ішінде қарапайым вагондар мен автотасымалдағыштардың кездесуі. Контейнерлік пойыздар бес буындық платформалардан тұратын секциялардан қалыптасуы мүмкін. Мұндай 25 секциядан тұратын контейнерлік пойыздың ұзындығы 125 вагоннан тұратын құрамалы пойыздың ұзындығына сәйкес келеді.

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды