25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде

Әлемде
02.03.2026, 09:58
Сурет: LTG
Қазақстан теміржолшысы

2026 жылдың ақпанында Каунас вокзалында 1520 мм табанды теміржолдар тарихындағы алғашқы түйіспелі-аккумуляторлы пойыздың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Литвалық LTG Link жолаушылар тасымалдаушысы үшін Stadler компаниясы жасап шығарған бұл пойыз қазіргі уақытта арнайы сынақтардан өтіп жатыр.

Техника Вильнюске 2025 жылдың желтоқсанында жеткізілген. Оған дейін LTG Link компаниясы Stadler өндірген айнымалы тоқпен жүретін электропойызды да сынақтан өткізе бастаған еді.

Келісімшарттың құны 226,5 млн еуро. FLIRT тобына жататын 5 вагоны бар 9 электропойыз және 3 вагоны бар 6 түйіспелі-аккумуляторлы пойызға тапсырыс берілген. Қазіргі таңда Литва 3 электропойыз бен 3 аккумуляторлы пойызды қабылдап алды.

Пойыздар Stadler-дің Польшадағы (Седльце) зауытынан Литваға автокөлікпен жеткізіліп, сол жерде 1520 мм табанға ауыстырылды.

Сынақ жұмыстары 2026 жылдың жаз айларының соңына дейін жалғасады. Жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысына кедергі келтірмес үшін, тәжірибелік сапарлардың басым бөлігі түнде жүргізіліп жатыр.

Сынақ бағдарламасы толық аяқталып, тиісті сертификаттар алынғаннан кейін, жаңа пойыздар тұрақты бағыттарға шығарыла бастайды.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде