Австралияда Alstom компаниясының алғашқы X'Trapolis дизельді пойызы іске қосылды

Әлемде
08.07.2026, 09:21
Сурет: WAGovernment/X, weather_wa3/X, Declan Martin/X, Jmacca1981/X

Үш вагоны бар пойыз құрамы 29 маусымнан бастап Перт пен Банбери қалаларының арасындағы «Australind» желісінде жолаушыларды тасымалдай бастады. Пойыз 167 шақырымдық қашықтықты 2,5 сағатта еңсереді. Бастапқы кезеңде ол аптасына екі бағытта төрт рейс жасайтын болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Теміржол қатынасы 2023 жылдың қарашасында басталған және құны 110 миллион долларды құраған желіні жаңғырту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ашылды. Қалған 3 пойыз құрамы алдағы бірнеше ай ішінде кезең-кезеңімен бағытқа шығады деп жоспарлануда. Негізінде бұл желіні ашу 2025 жылға жоспарланған болатын, алайда сынақ жұмыстары кезінде туындаған қиындықтарға байланысты мерзімі шегерілді.

Пойыз салоны 158 отыратын орынға және мүгедектігі бар жандардың арбаларына арналған 6 орынға есептелген. Сондай-ақ ішінде 14 велосипед сақтайтын бөлім мен буфет қарастырылған. Құны 800 миллион еуроны құрайтын бұл келісімшартқа 2019 жылы Батыс Австралия штатының Қоғамдық көлік басқармасымен (PTA) қол қойылған болатын. Шарт бойынша Alstom компаниясы 41 алты вагонды электр пойызын және 4 үш вагонды дизельді пойызды жеткізуі тиіс еді. Электр пойыздары 2024 жылдың сәуір айында пайдалануға берілген болатын.

Келісімшарт талаптарына сәйкес, пойыздардың кем дегенде 50%-ы Австралия аумағында шығарылуы керек еді. Осы мақсатта Alstom компаниясы 2021 жылы Балларат пен Данденонгтан кейінгі еліміздегі үшінші өндіріс орнын Белвью қаласындағы жылжымалы құрам шығаратын алаңды іске қосты. Осылайша, Батыс Австралия штатында бұдан 30 жыл бұрын тоқтап қалған теміржол көлігі өндірісі қайта жанданды.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты