Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты

Әлемде
13.07.2026, 10:25
Сурет: Синьхуа

Қытай Орталық Азиямен көлік байланысын кеңейте отырып, Түрікменстанға жаңа тікелей жүк теміржол бағытын іске қосты. Алғашқы пойыз Синин қаласынан (Цинхай провинциясы) Түрікменстанның Балқан уәлаятына қарай жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз құрамында электротехникалық өнімдер, автобөлшектер, киім-кешек және басқа да тұтыну тауарлары тиелген 55 контейнер бар. Бағыт қытай-қазақ шекарасындағы «Қорғас – Алтынкөл» шекара өткелі арқылы өтіп, бұдан әрі Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы Түрікменстанға жетеді. Тауарды жеткізу уақыты шамамен 14–15 тәулікті құрайды.

Жаңа сервистің іске қосылуы Қытайдың Орталық Азия елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуы аясында жүзеге асып отыр. Мәселен, Тәжікстан Президенті жанындағы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Тәжікстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1,4 миллиард долларға жеткен. Тәжікстанның ҚХР-ға экспорты 359 миллион доллардан асса, қытай өнімдерінің импорты 1,1 миллиард доллардан астам соманы құрады.

Қазақстан да Қытайдың өңірдегі негізгі серіктестерінің бірі болып қала бермек. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда-саттық рекордтық көрсеткішке – 48,7 миллиард долларға жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өсіп, 22 миллиард долларды құрады. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 50 миллиард доллардан асуы мүмкін.

Түрікменстанға ашылған жаңа теміржол бағыты Қытайдың халықаралық жүк тасымалы желісін толықтырып, Бейжіңнің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық аясында көлік дәліздері мен сауданы дамытуға бағытталған курсын айқын көрсетеді.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады