Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы

Әлемде
10.09.2026, 09:03
Оқуға 2 мин
Сурет: Jenny Wagner/Unsplash
Қазақстан теміржолшысы

Еуропадағы теміржол вокзалдарының жаңа рейтингі жарияланды. Зерттеу құрлықтағы жолаушы ағыны ең жоғары 60 станцияны қамтыған. Рейтинг қорытындысы бойынша Швейцарияның Zürich Hbf вокзалы Еуропадағы ең үздік ірі теміржол торабы атанды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Consumer Choice Center әзірлеген Еуропалық теміржол вокзалдары индексінде пойыздардың кешігу үлесі мен жолаушылардың орташа күту уақыты негізгі көрсеткіштердің бірі ретінде есепке алынған.

Сонымен қатар вокзалдардағы қызмет көрсету орындарының саны, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жасалған жағдай, тегін Wi-Fi желісінің болуы, ұлттық және жергілікті теміржол желілеріне қолжетімділік, сондай-ақ билет түрлерінің алуандығы бағаланған.

Зерттеуде Швейцария теміржол тасымалының сенімділігі бойынша Еуропадағы жоғары стандартты сақтап отырғаны атап өтіледі. Ел бойынша пойыздардың уақытында жүру көрсеткіші 94,1 пайызды құрайды.

Жалпы рейтингте бірінші орын алған Zürich Hbf вокзалында пойыздардың небәрі 4 пайызы кешігеді. Bern Hbf бесінші орынды бөлісті. Мұнда пойыздардың кешігу көрсеткіші 1,8 пайызды құрайды.

Ал пойыздардың уақытында жөнелтілуі бойынша Luzern Hbf үздік нәтиже көрсеткен. Жалпы рейтингте 14-орында тұрған бұл вокзалда пойыздардың небәрі 0,3 пайызы кешігеді.

Германиядағы жағдай керісінше. Зерттеу авторлары елдегі теміржол көрсеткіштері алдыңғы рейтингтермен салыстырғанда нашарлай түскенін атап өткен.

Рейтингтегі ең төмен нәтиже көрсеткен 30 вокзалдың 15-і Германияда орналасқан. Неміс вокзалдары арасында ең жоғары орынға Berlin Hbf ие болды. Алайда ол жалпы тізімде небәрі 18-орында. Мұнда пойыздардың 61,1 пайызы кешігеді, ал жолаушылардың орташа күту уақыты 20 минутты құрайды.

Жалпы Еуропа бойынша пойыздардың кешігу деңгейі орта есеппен 29 пайыз болса, Германияда бұл көрсеткіш 49,4 пайызға жетеді. Құрлық бойынша жолаушылар пойызды орта есеппен 8,06 минут күтсе, Германияда күту уақыты 14,74 минутты құрайды.

2026 жылғы Еуропаның үздік ірі теміржол вокзалдары:

1. Zürich Hbf — Швейцария

2. Gare du Nord — Париж, Франция

3. Amsterdam Centraal — Нидерланд

4. Wroclaw Główny — Польша

5. Bern Hbf — Швейцария

6. Gare Montparnasse — Париж, Франция

7. Gare Saint-Lazare — Париж, Франция

8. London Bridge — Ұлыбритания

9. Kraków Główny — Польша

10. London St. Pancras International — Ұлыбритания

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті