Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді

Әлемде
14.09.2026, 09:27
Оқуға 2 мин
Сурет: Alstom
Қазақстан теміржолшысы

Alstom компаниясы Канаданың мемлекеттік жолаушылар тасымалдаушысы VIA Rail Canada үшін 313 жаңа жолаушылар вагонын шығарады. Келісімшарт құны 4,7 млрд канадалық долларды, шамамен 3 млрд еуроны құрайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келісім аясында жаңа вагондарды жеткізумен қатар, оларға 15 жыл бойы техникалық қызмет көрсету және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету қарастырылған. Бұл жұмыстардың құны шамамен 700 млн канадалық долларға, яғни 435,4 млн еуроға бағаланып отыр.

Жолаушылар вагондары Alstom әзірлеген Adessia платформасы негізінде жасалады. Жобалау және өндіріс жұмыстары толығымен Канададағы кәсіпорындарда жүргізіледі. Вагондар Квебек провинциясындағы Сен-Брюно-де-Монтарвиль қаласында жобаланып, шанақтары Ла-Покатьер зауытында шығарылады. Ал соңғы құрастыру жұмыстары Онтарио провинциясындағы Тандер-Бей қаласында атқарылады.

Жаңа вагондар Канада аумағындағы сегіз бағытта пайдаланылмақ. Олар қазіргі қолданыстағы ескі жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен алмастырады. VIA Rail Canada паркінде жасы 77 жылға дейін жеткен вагондар бар.

Тапсырыс бойынша жолаушылар салонының тоғыз түрлі нұсқасы әзірленеді. Олардың қатарында алыс және өңірлік бағыттарға арналған отыратын және жатын орындары бар вагондар, панорамалық терезелері бар вагондар, вагон-мейрамханалар мен багаж вагондары болады.

Жылжымалы құрамды жобалау кезінде Канаданың күрделі климаттық жағдайлары да ескеріледі. Вагондар заманауи жайлылық, қолжетімділік, сенімділік және қауіпсіздік талаптарына сай жасалады.

Ірі тапсырыс Alstom-ның Канададағы кәсіпорындарында бірнеше жүз жаңа білікті жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті