Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Қырғызстанның «Кыргыз темир жолу» ұлттық компаниясы америкалық Wabtec компаниясымен ТЭ33АС сериялы 10 магистральдық жүк локомотивін сатып алу жөнінде келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Келісімнің нақты құны әзірге жарияланған жоқ. Жаңа локомотивтердің жеткізілуі «Кыргыз темир жолу» компаниясының локомотив паркінің шамамен 30 пайызын жаңартуға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша жаңа техника Қырғызстанға 2027 жылдың соңына дейін жеткізілуі тиіс.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, ТЭ33АС сериялы 10 локомотивті сатып алу құны қаржыландыру шарттары мен ұзақ мерзімді сервистік қызметтің келісімге енгізілуіне байланысты 35 млн доллардан 140 млн долларға дейін болуы мүмкін.
ТЭ33АС магистральдық тепловоздары жүк тасымалына арналған. Жаңа локомотивтерді сатып алу Қырғызстан теміржолының тартқыш жылжымалы құрамын жаңартуға және жүк тасымалының техникалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.