Өндірістік бизнес процестерді оңтайландыру қажет

Цифрландыру
12.03.2024, 11:04
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Цифрландыру – бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі. Әлем елдері автоматтандыру ғасырынан қазіргі цифрландыру кезеңіне ауысып жатқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының да өндіріс процестеріне цифрландыру технологиясын дендеп енгізіп жатқаны заңдылық.

Кезең-кезеңмен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды компанияның сан алуан қызмет көрсету түрлерінен көруге болады. Мәселен, ҚТЖ-да жолаушыларға көрсетілетін сервистік қызмет сапасын жақсарту мақсатында «Мобиус» жүйесі қолданылады. Ол арқылы теміржол билеттерін онлайн режимінде, яғни ресми bilet.railways.kz порталынан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға және қайтаруға болады. Және де бұл жүйені пайдаланушылар қатары артып келеді.  Электрондық теміржол билеттерін сату үлесі 2023 жылда 75% дейін өсіп, керісінше, билет кассалары арқылы сату 25% төмендеген. Алдағы уақытта электрондық сатылым 100 пайыздық көрсеткішті құрайды деген болжам бар.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Автоматтандыру және цифрландыру филиалының директоры Нұрбол Нұрғалиевтің айтуынша, 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – цифрландыру бағдарламалары аясында теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту екен. Бірінші кезекте іштегі процестерді цифрландыру, автоматтандыру бойынша жұмыстарды дамыту жоспарланған. Себебі әлі күнге дейін вагонның нөмірін жазып отыратын тізімдеушілер бар. Олар өз кезегінде басқа процестердің тез атқарылуына кедергі болады. Шешім ретінде оған кез келген нәрсені танып-білетін бейнекамераларды қолдану және оған қол жеткізуге қажетті өзгерістерді іске асыру жоспары бар.  

Қазіргі уақытта SAP S/4 HANA негізінде кәсіпорынды басқарудың негізгі процестерін қайта құру және автоматтандыру жобасы аясында 1783 процесті, яғни «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және олардың филиалдарында келесі бағыттар бойынша бизнес-процестерді реинжиниринг және автоматтандыру жұмыстары, оның ішінде: бухгалтерлік есеп, салық есебі,басқару есебі, қазынашылық, сатып алулар мен қоймаларды басқару, сату және Магистральдық желі дирекциясы үшін техникалық қызмет көрсету және жөндеуге қатысты  цифрландыру жұмыстары атқарылып жатыр.

Компанияның трансформация бағдарламасы аясында қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі ретінде Көпфункционалды қызмет көрсету  орталығын атар едік. Ол жылына 3 миллиондай бастапқы есепке алу құжаттарын, яғни орындалған жұмыстар актісі, шот-фактураларды тағы сол сияқты процестерді өңдейді.  Аталмыш қызмет көрсету орталығы Компания қызметін айтарлықтай оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырды, сонымен қатар операциялық шығындарды   азайтып, жұмыс тиімділігін ұлғайтты.

«Өндірістік процестерді цифрландыру бойынша жергілікті автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бізде жылжымалы құрамның жай-күйін бақылауға алатын 600-ден астам техникалық құралдардың кешені бар. Бұл кешен бақылау құралдарының көмегімен ақаулы жылжымалы құрамдарды дер кезінде анықтауға көмектеседі. Алдымызда осы деректердің барлығын жинап, өңдеу және талдау жұмыстарын жетілдіру мәселесі тұр. Бізге өндірістік бизнес процестерді автоматтандыру мен цифрландыруды пысықтауымыз қажет және ол ақпараттар қайта жіберіліп жатқан мәселесін қарастырып, барлығын жүйелендіріп, бірыңғай тәртіппен бір жүйеге қамтып, мәліметтің барлығы бір жүйеде жинақталғаннан кейін Big Data етіп пайдалануға болады», – дейді Нұрбол Нұрғалиев.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады