«Индустриалды» теміржол станциясын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады

Инфрақұрылым
13.10.2022, 10:13
Оқуға 2 мин

Алматының индустриалды аймағында қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Индустриалды» теміржол станциясын пайдалануға беру үшін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Rail-news.kz «Алматы ақшамы» басылымына сілтеме жасап.

Бүгінде ағаш шпалдарды (0,39 км жол бөлігінде), темірбетон шпалдарды (548 дана), жауын-шашын жинақтағышының бетон плиталарын және бағыттамалы бұрмаларды бөлшектеу жүргізілді, темір жолдармен және жауын суы жиналатын жердің астынан су ағатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді, 3,6 га аумақ қураған шөптерден тазартылды.

Қалпына келтіру жұмыстары аясында темірбетон және ағаш шпалдарды ауыстыру (2 700 дана), ұзындығы 8,5 км темір жолдарды теңгерімдеу, бағыттамалық бұрмаларды жөндеу және т.б. қарастырылған. Теміржол станциясын іске қосу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жеке теміржол станциясы индустриалды аймақ инфрақұрылымының негізгі объектісіне айналады. Ірі логистикалық орталық – «Боралдай»  теміржол станциясына шығу үшін оның ұзындығы 8 км құрайды. Индустриалды аймақтың резидент компаниялары теміржолдарға жанасуға тиісті техникалық шарттарды алды. Тасымалданатын жүктердің күтілетін көлемі жылына шамамен 1,8 млн тоннаны құрайды.

Алматының индустриалды аймағының жалпы ауданы - 490 гектар, оның 326 гектары инвестициялық жобаларға, 164 гектары инфрақұрылымға бөлінген. Бүгінде Алматының индустриалды аймағында инвестиция көлемі 270 млрд теңгеге 70 компания тіркелген. Олар жалпы құны 120 млрд теңге болатын 20 жобаны іске асырды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды