Он екі сағатта 1,6 шақырым жерге су жаңа рельс төселді (Фото)

Инфрақұрылым
15.06.2023, 11:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолының  Диірментөбе-Төретам станциялары аралығында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын «Интегра констракшн» серіктестігінің «Батыс» филиалы Қазалы учаскесінің теміржолшылары жүргізуде.

Телімнің 26,6 шақырымына Р-65 маркалы отандық рельс төсеп жаңартуды межелеп іске кіріскен олар күні кеше 12 сағаттық толаскез алып, жолдың 1650 метріне су жаңа рельс тізбектерін төседі. Таңертеңгі алакеуімнен толаскезге әзірлік жұмысына қамданған интегралықтардың әрқайсысы өздеріне тиесілі жұмыстарды пысықтап алып, арнайы техника мен ауыр жол машиналары мен тракторлар дайындығына көз жеткізіп жұмысқа жедел кірісті. Прорабтар Берік Арықбай мен Ерболат Абдуллаев, жол шеберлері Қуантай Ерлан мен Жасулан Ермекбаев пен бас механик Талғат Бейпілбаев жұмысқа жетекшілік жасауда.  

Ескі рельстерді УК-25/18 көтергіш кранының машинисі Дінмұханбет Мақұлов ретімен жинауға кіріскенде, ауыр тракторлар жол үстіне шығарылып, механиктер Ербол Оразмахан, Болат Жүсіп және Элдар Мардоновтың қадағалауымен технологиялық талапқа сай магистральдық төсемнің жол дистанциясының мамандары белгілеп берген қалыңдығына дейін аршып, артынша жол жиегіне ығыстыра итеріп тазалауға кіріскен Айбек Смағұловтың жұмысы өнімді жүріп жатыр. Жол жөндеушілер Әділ Сарпеков, Дәулет Тойбазар, Шүкірәлі Сейтов, Панабек Мырзағұлов, геодезист Серікбай Ақжол, жүргізуші Дінмуханбет Имамзадаев және оператор Ерболат Ишанқұлов та тез қимылдап, алдын ала белгіленген жұмыс ауқымын игеруде.  

Бұл телімде қос жолақты жол болғандықтан пойыздар кестеге сай өтіп жатты. Әрине пойыздар аталған учаскеге жақындағаннан барлық жұмыстар бұйрық бойынша тоқтатылып, құрамдар да жылдамдығын баяулатады. Жолдардың сапасын Қазалы жол дистанциясының бастығы Амантай Қосановпен бірге дистанцияның жауапты мамандары бақылап, қадағалап отырды. Сонымен қатар Қазалы электрмен жабдықтау және байланыс дистанциясының теміржолшылары да өздеріне тиесілі жұмыстарды атқарды.    

Жұмысшылардың ас-суы арнайы вагонда әзірленіп, перегонға автокөлікпен жеткізілді. Толаскез уақытын тиімді пайдалануға ұмтылған интегралықтар жұмысты тоқтатпай, топ-топ болып кезекпен түстік ішуде.  

  

– Бүгінгі ауа температурасы +40 градусқа жақын, аптап ыстық, ол аздай шаңды дауыл топырақты аспанға көтеріп, қолайсыздық туғызып тұр. Дегенмен жігіттер белгіленген жұмыс көлемін бітірмей тоқтамайды. Рельстер жайғастырылып, Хопер вагондарымен қиыршық тас төселгеннен кейін магнитті ЛБ және ВПО машиналары жұмысқа кіріседі. Олар жолды нығыздап тығыздаумен қатар жолдың түзулігін, рельс түйіспелерінің тепе-теңдігін реттейді. Ауыр машиналардың жол бабын жасау жұмыстарынан кейін телім сағатына 25 шақырым жылдамдықпен ашылып қолданысқа беріледі. Одан кейін технологиялық талапқа сай саралау жұмыстары жасалып, учаскелік жылдамдық белгіленеді, – деді «Батыс» филиалы Қазалы учаскесінің бастығы Әмірхан Жолдасбай.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды