Теміржол құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Инфрақұрылым
15.12.2023, 10:17
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылдың соңында басталған Мойынты – Достық теміржол теліміндегі екінші жолдардың құрылысы ала жаздай қарқынды жүрді. Жоба белгіленген мерзімде аяқталады деуге толық негіз бар.

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасына енгізілген екінші жолдар құрылысы болашақта Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымал көлемін, учаскенің өткізу қабілетін 5 есеге дейін ұлғайтып, тасымалдың жылдамдығын тәулігіне 1 500 шақырымға дейін арттырады деп күтілуде. 

Бүгінгі таңда жоба бойынша 8 жол аралығына жер төсемі толықтай төселіп біткен, 18 аралықта жолдың негізі қалануда. Ал алты аралықта жұмыстар түрлі себептермен тоқтап тұрған көрінеді. Мәселен, Балқаш-1 – Балқаш-2 аралығына қатысты жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізіліп жатыр. Субмердігер «Стандарт-1» ЖШС көрінеді. Разъезд-4 – Разъезд-5 аралығындағы жұмыстарды мердігер «Теміржолжөндеу»

ЖШС алдағы жылдың көктемінде бастамақ. Ал кейбір аралықтарда құрылыс жұмыстарына жұмылдырылатын субмердігерлер анықталмаса, енді Разъезд-8 – Бескөл аралығында өткізілетін жұмысқа қатысты «Sofi Rood Construction LTD» субмердігерімен келісімшарт бұзылған. Себеп – мекеме келісімшартта көрсетілген міндеттерді орындамаған. 

Қазіргі таңда 230,27 км рельсшпал торкөздері 17 жол аралығына, соның ішінде «Integra Contsruction KZ» ЖШС тарапынан 13 аралықта 171,996 км жолға, «Теміржолжөндеу» ЖШС тарапынан 4 аралықта 58,274 км жолға төселген. Сонымен қатар 37 бағыттауыш бұрманы төсеу жұмыстары орындалған. Рельс-шпал торкөздері 377,3 км жолға арналып жасалса, төселіп болғаннан қалған 108,28 километр рельс қоймада тұр. 

СОБ және байланыс құралдарын алып тастау және қайта орналастыру бойынша да ауқымдышаруалар тындырылған. Бұл жұмыстар 18 аралықта орындалып болып, 4 аралықта жүріп жатыр екен. Жасанды құрылыстар бойынша жұмыс құжаты 30 телімге берілген. Қазір 12 аралықта көпір құрылысына қатысты, ал 15 жол аралығында құбырларға қатысты жұмыстар жүргізілуде. 

Энергетика нысандарына қатысты жобалық-сметалық құжаттама 24 аралық және 6 жекелеген пункт бойынша беріліпті. Айталық, Мойынты мен Балқаш станциялары аралығындағы телімде теміржол желісі бойынша 0,4 кВ әуе желілерінің 3 рет қайта құру жұмыстары аяқталған. Мойынты станциясында 10 кВ АВ әуе желілерін және 10 кВ ПЭ әуе желілерін алып тастау үшін темір жол бойымен 40 м көлемінде көлденең бағытталған бұрғылау жүргізіліп, 2 тірек орнатылған. Ал Балқаш-2 – Орта-Дересін учаскесінде қолданыстағы 10 кВ АВ және ПЭ әуе желілерін жол төсемінің құрылыс аймағынан шығару үшін 161 тіреуіш толығымен орнатылған. 7,6 км бойында сымды ілу аяқталып, АВ және ПЭ 10 кВ әуе желісінен кернеу берілген. Сонымен қатар 6 аралықта 10 кВ АВ және ПЭ әуе желілерін қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты