Сенатта теміржол мәселесі сөз болды

Инфрақұрылым
16.02.2024, 10:19
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Парламент Сенаты отырысында ҚТЖ-да атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар, жалпы саланың өзекті мәселелері сөз болып, сенаторлар сауалдарына Көлік министрі Марат Қарабаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жауап берді.

Көлік министрі ҚТЖ-ны ұлттық транзиттіклогистикалық компанияға айналдыру үшін жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.  

– Жалпы, ҚТЖ-ны ұлттық транзиттік-логистикалық компанияға айналдыру бойынша атқарылған жұмыстар екі бөліктен тұрады. Біріншісі – инфрақұрылым жасау, екіншісі – тасымалдау. Инфрақұрылым жасау бойынша Қытайдың Ляньюнган портында Қазақстан терминалы ашылған. Оның қуаты – 220 мың тонна. Бұдан бөлек, биыл бірінші кезең аясында Сиань портында тағы бір жаңа Қазақстан терминалы ашылды. Оның қуаты – 66 мың тонна. Ляньюнган портымен бірге Қорғаста арнаулы құрғақ жүктерге арналған терминал салынды. Одан кейін Алматыда Сиань портымен бірге құрғақ жүктерге арналған арнайы терминал құрылысын биыл бастаймыз. Сонымен қатар Ляньюнганмен тағы бір жобаны қолға алып, Ақтауда арнаулы терминал саламыз, – деді министр.  

Оның айтуынша, ел ішіндегі жүктерді сыртқа шығару бағытында Әзербайжанның Алят портында Abu Dhabi Ports компаниясымен бірге терминал салу келесі жылға жоспарланған. Ал Грузияның Поти қаласында қазақстандық жеке кәсіпкер қуаты 480 мың тонналық терминал салған. Оған ҚТЖ консорциум ретінде кірді. Қытайдан Еуропаға дейін инфрақұрылым салу бағытындағы жоспар және атқарылған жұмыс осы. Яғни Қытай аумағында бір терминал бітті. Биыл 2 терминал құрылысы басталады. Келесі жылы тағы 2 терминал салу жоспарланған. Сонымен қатар министр жүк тасымалдау бағытында да тоқталды. ҚТЖ сингапурлық PSA International Pte Ltd компаниясымен бірлесіп, Транскаспий көлік дәлізі бойынша жүктерді тасымалдайтын бірыңғай компания құрды. Осы компания Еуропа мен Қытай арасында жүктерді тасымалдаумен айналысады. Ресейден Иран мен Пәкістанға шығатын жол бойынша Abu Dhabi Ports компаниясымен екіжақты келісімшартқа қол қойылып, еншілес компания ашылды. Бірақ жүк тасымалдау әлі басталған жоқ.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жолаушылар тасымалы және жол сапасына қатысты сауалдарға жауап берді.  

– Қазақстанда бүгінде 16 мың км теміржол бар. 2,5 мың км жолдың пайдалану мерзімі өткен. Президент тапсырмасымен 2030 жылға дейін 11 мың км жолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Былтыр теміржолдағы жөндеу жұмыстары екі есе көбейді, – деді ол.  

Өткен жылы локомотивтердің күрт жетіспеу қаупі орын алған. Дегенмен, алдын ала тапсырыстың арқасында былтыр 119 локомотив сатып алынған. Биыл тағы 194, ал 2025 жылы 245 локомотив сатып алынбақ. Осылайша, тартым құралына қажеттілік толығымен шешіледі.  

Спикерлердің мәліметінше, темір жолда жылдан-жылға жүк көлемі де, айналымы да артып келеді. Мысалы, былтыр жүк көлемі 297 млн тонна рекордтық көрсеткішке жеткен. Жүк айналымы да 7 пайызға өскен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды