110 жыл бұрын қаланған станцияда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Инфрақұрылым
04.07.2024, 11:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша теміржолшылар үшін қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру, жұмыс орнында жайлылық орнату мақсатында әлеуметтік іс-шаралар көптеп қолға алынуда.

Бұл орайда әуелгі кезекте шалғайда орын тепкен станциялар бірінші кезекте назарға алынған болатын. Теміржол инфрақұрылымын қайта жаңарту, жаңғырту арқылы қауіпсіз әрі жайлы жұмыс орнын қалыптастыру бұл орайда маңызды қадам болып табылады. Мәселен, өткен жылы жыл соңына дейін он нысанға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, талапқа сай етілсе, тағы екі ғимараттағы жылу желілері толықтай ауыстырылған-ды. Аталған бағыттағы шаралар биыл да жалғасын табуда. Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың бастамасымен  осы жылы Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты жалпы саны 29 ғимаратқа жөндеу жүргізу жұмыстары жоспарланған болатын.

Іс-шаралар қатары қазіргі таңда қызу қарқынмен басталып кетті. Атап айтсақ, бағыттамалық бекеттер, РСДВ бекеттері, Семей, Жаңа-Семей, Бұқтырма, Риддер, Күмістау және басқа да станциялардағы жолаушылар вокзалы ғимараттары, сондай-ақ локомотив деполарының бірқатар өндірістік нысандары қайта жаңғыртылмақ.  

– Биылға жоспарланған барлық жөндеу жұмыстары да теміржол бойындағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталып отыр. Бұл даму бойынша стратегиялық іс-шаралардың маңызды бөлігі саналады. Ол өз кезегінде салалық қызметтің сапасын жақсартып, еңбек процесін нәтижелі етеді. Кейбір іс-шаралар негізінен  теміржолшылар қауымымен кездесулер барысында айтылған өтініш-пікірлер бойынша жүргізілуде, - дейді бұл орайда бөлімшенің персоналмен жұмыс атқару бөлімінің менеджері Бекзат Кәрімханов.

Бұл шаралардың сыртында желі бойындағы кейбір мекемелер шаруашылық негізбен балалардың ойын алаңдарын жаңартып, жасанды футбол алаңдарын қалыпқа келтіруде. Осы орайда биыл іргетасы қаланғанына 110 жыл толатын Семей жол дистанциясы, Семей локомотив пайдалану депосы, Семей станциясы ілкімді шараларды қолға алып отыр. Мәселен, ПЧ-39 мекемесі Дегелең-Жаңа-Семей телімінің ортасында орын тепкен кіл теміржолшылар тұратын Шаған станциясында өзінің 110 жылдық мерекесін өткізіп, осындағы ойын алаңқайына жөндеу жүргізді. Дистанция басшысы Рахат Ботаспаевтың айтуынша, аталмыш бағыттағы шаралар жыл соңына дейін өткізілетін болады.    

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды