Жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылды

Инфрақұрылым
24.12.2024, 09:00
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылдың басында Семей магистральдық желі бөлімшесі бірқатар жоспарлы шараларды межелеген болатын. Атап айтсақ, транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында пойыздардың қозғалыс жылдамдығын сағатына 120-140 км-ге дейін жоғарылату, ол үшін желі бойындағы инфрақұрылымды жаңғырту көзделген еді.

Бір ғана мысал, соңғы бес жылда Семей теміржолы бойынша жалпы көлемі 262 шақырым болатын жолға күрделі жөндеу жүргізілген. Мақсат – темірбетонды шпалдар төсеу, рельстер мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру арқылы жолдың балдық сапасын жақсарту. Бұл ретте Семей өңірінде 211 шақырым, ал Өскемен өңірінде қозғалыс жиілігі төмен болуы себепті 51 шақырым болатын жол жаңартылды. Ал 73,4 км станциялық жолдарға жаңа шпалдар салынса, негізгі жолдардағы бағыттамалық бұрмалардың 222 жиынтығы ауыстырылған. Жалпы темірбетонды жол төсемдеріне толық көшу үшін алдағы жылдары 366 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.  

Десек те, биылғы жыл жетістікке толы. Ағымдағы жылы жаңа материалдарды қолдана отырып, 61,1 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жүргізілді. Күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары 11,2 шақырым бойынша жасалынды. Сондай-ақ 11 шақырымдық ескі рельстер ауыстырылған.

– Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде бөлімше бойынша жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы мен қауіпсіздігі айтарлықтай жақсарады. Бұл орайда 114,55 шақырымға жол машиналары кешенін қолдана отырып жұмыс жүргізілді. Желі бойындағы тал-дарақтарды күзеліп, жол жиектері түзетілді. Мұнымен қоса, шұғыл тежелу оқиғаларының алдын алу, желі қапталындағы төрт түліктің теміржолға шығуын болдырмау үшін соңғы бес жылда 194,8 км қоршау салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әсіресе ағымдағы жылы қарқынды жүргізіліп, жаңадан 63,5 шақырым болатын қоршау орнаттық, – дейді Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов.  

Желі бойында іске асырылған, тағы бір баса атап өтуге тұрарлық іс-шара – теміржолшылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру болып отыр. Осынау орайда санитарлық-тұрмыстық ахуалды оңалту үшін биылғы жылы желі бойына жаңадан 10 модульдік ғимарат орнатылыпты.  

Сонымен қатар жергілікті «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС күшімен 22 ғимаратта ағымдағы жөндеу жүргізіліп, шалғайдағы учаскелердегі жұмысшылар үшін 70 контейнерден жылыту пункттері қойылды. Күрделі климаттық аймақта еңбек ететін сала қызметкерлері үшін мұның өзі атап өтерлік іс. Бірқатар тораптық станциялардағы инфрақұрылымды қайта құру да маңызды бағыт саналып отыр. Бұл орайда Семей теміржол вокзалының ғимаратын қайта жаңартуға және Өскемен мен Аягөздегі вокзалдарды күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу басталды. Техникалық әлеуетті жаңарту аясында биылғы жылдың өзінде теміржолшылар игілігі үшін жаңадан 13 көлік алынған. Соның ішінде Семей және Өскемен-1 станциялары үшін жергілікті зауытта құрастырылған автобустар да пайдалануға беріліп отыр.  

Қорыта айтсақ, биылғы жылға жоспарланған жұмыстар толық орындалды деп сеніммен айта аламыз.  

Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы