Семей теміржолында инфрақұрылым жаңаруда

Инфрақұрылым
13.02.2025, 10:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жаңа жобалар қолға алынып, сәтімен жүзеге асырылуда. Оның ішінде вокзалдарды қайта жаңғырту мен халықаралық жобаларды ерекше атап өтуге болады.

Қазіргі күні Семей, Жаңасемей, Аягөз, Шар, Жаңғызтөбе, Үшбиік, Жарма, Ауыл, Белағаш және Таңсық станцияларында 10 вокзал жұмыс істеп тұр. Осыған дейін көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар екі қаламаңы пойызы іске қосылған. Бір вагонды «Семей-Шар» бағыты аптасына алты рет қатынайды. Билет құны – 557 теңге. Ал екі вагонды құрам «Ақтоғай-Аягөз» арасына аптасына бес рет жөнелтіледі. Жол ақысы – 650 теңге. Қаламаңы бағдарларына сұраныс бар. Алдағы уақытта Семей – Дегелең, Семей – Ауыл станциялары бойынша жаңа бағыттар ашу қарастырылуда. Сонымен  қатар туристік бағытқа да ерекше назар аударылуда. Жыл сайын жаз маусымында 731 км болатын «Семей-Жалаңашкөл» бағыты бойынша жолаушылар пойызы тұрақты түрде қатынайды. Айта кетерлігі, бұл үш бағыт та субсидияланатын санатқа жатады.

Аймақтағы инфрақұрылымдық жобалар қатарында Семей, Аягөз қалалары мен Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарын қайта жаңғыртуға дайындық жүргізілуде. Биыл Семей ЖТ бөлімшесі, «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және «ТехСтройПроект» ЖШС арасында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша арнайы Меморандумға қол қойылды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда.

Жалпы қайта құрылған облыстың теміржолы ішкі бағыттарды ғана емес, облысаралық және халықаралық бағыттарды да қамтиды. Бүгінде Семей – Қызылорда, Павлодар – Алматы, Семей – Маңғыстау, Өскемен – Астана, Өскемен – Алматы, Семей – Алматы, Семей – Астана және Семей – Қарағанды бағыттары бойынша 8 жұп жолаушылар пойызы тұрақты түрде қатынайды. Мұнымен қоса семейлік теміржолшылар Новосибирск – Бішкек бағыты бойынша сапар шегетін халықаралық транзиттік пойызға да қызмет көрсетеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды