«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр

Инфрақұрылым
19.05.2026, 09:04
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежанов бастаған бір топ теміржолшы облыстық әкімдік өкілдерімен бірге «Бақты-Аягөз» жаңа теміржол желісінің құрылысы жүргізіліп жатқан аумаққа барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалап қайтты.

Қазіргі күні тың жоба күнгей өңірде қызу қарқынмен жүргізіліп жатыр. Жаңа желінің 85,3 шақырымы Мақаншы ауданы аумағы арқылы өтеді. Арнайы топ құрылыс жүргізіп жатқан Қытайдың «China Harbour Engineering Company Ltd» компаниясы басшылығымен жүздесті. Қазіргі таңда теміржол құрылысының жалпы аумағында 1137 адам мен 740 техника жұмылдырылған. Соның аясында Ай, Шынқожа, Таскескен, Шолпан, Текебұлақ, Үржар және Бақты аумақтарында арнайы вахталық қалашықтар дайындалған. Болашақта бұл жерде осы атаулармен жаңадан теміржол станциялары бой көтеретін болады.  

Жаңа желі 43 жер пайдаланушының жалпы аумағы 846 гектардан асатын жер телімдері арқылы өтеді. Осыған байланысты мемлекет мұқтажы үшін арнайы акт рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ өңір бойынша құрылысқа қажетті материалдарды өндіру үшін 9 карьер белгіленген. Оның ішінде бірнеше учаске ұзақ мерзімге жалға берілген жерлер аумағына кіреді.  

Жоба аясында жаңадан ашылатын Бақты станциясы аумағында құрғақ порт пен индустриялық және логистикалық аймақтарды дамыту жоспарланып отыр. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетін арттырып, шекара маңындағы экономикалық белсенділікті күшейтуге мүмкіндік береді.  

Бүгінгі таңда екі ел арасында 28 млн тоннадан астам жүк тасымалы бар екен. Ал жаңа теміржол іске қосылғанда тағы 8 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Жалпы айтқанда, 300 шақырымнан асатын жаңа желі – еліміз үшін маңызды стратегиялық жоба. Абай облысының Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарының аумағынан өтетіндіктен жолаушы тасымалы бойынша да айрықша саналады. Жалпы, бұл жолғы сапар барысында айқындалғандай, инвестор компания құрылыс барысын қарқынды жүргізуде. Оларға жергілікті атқарушы билік тарапынан да көмек көрсетілуде. Ал құрылыс барысы Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығының бақылауында тұр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады