Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде темір жол желісінің өткізу қабілеті заманауи техникалық шешімдерді енгізу есебінен ұлғайтылды, депхабарлайды Rail-news.kz..
Ұзындығы 240 км учаскедегі аралықтарда цифрлық автоблокировка салынып, нөлден бастап 5 жаңа разъезд іске қосылды, сондай-ақ қолданыстағы 3 бөлек пункттерде қосымша қабылдау-жөнелту жолдары төселді.
Жобаны іске асыру үшін «технологиялық толаскездерде» 400 астам инженерлер мен БОБ мамандары, сондай-ақ 17 мамандандырылған вагон іске тартылды.
Барлық жұмыстар бекітілген кестелерден озып орындалды.
Учаскені жаңғырту инфрақұрылымның сенімділігі мен теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және еліміз көлік дәліздерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.