Цифрлы теміржол: ыңғайлы, тиімді, үнемді және қолайлы жүйе

Инфрақұрылым
28.12.2018, 13:55
Оқуға 3 мин

Жағрапиялық орналасуы жағынан тоғыз жолдың торабында жатқан Қазақстан аумағы арқылы бірнеше республика транзиттік жүк тасымалын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстан үшін зор мүмкіндік.  

Оның үстіне темір жол арқылы тасымалданатын жүк көлемі жылдан-жылға артып келеді. Биылғы жылдың он айында Жамбыл темір жол бөлімшесі арқылы 7 миллион 847 мың жүк тасымалданса, өткен жылдың осы мерзімінде 6 миллион 901 мың тонна жүк тиеліп тасымалданған екен. Темір жол арқылы тасымалданатын жүктің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс заттары, қатты отын, сұйық отын, шикізат пен тыңайтқыштар құрап отыр. Өткен екі айда Меркі қант зауытына 660 вагон қант қызылшасы да темір жол арқылы жеткізілген. Сондай-ақ Ресей мен Өзбекстанға көкөністер мен құрылыс заттары жөнелтілген. Мұның бәрі өңірдегі көлік-логистикасының дамуына өз септігін тигізуде.  

– Ел экономикасын арттырудың бірден-бір тиімді көзі – көлік логистикасын дамыту. Ол еліміздегі шағын және орта бизнестің нығаюымен тікелей байланысты. Бизнес дамыған жағдайда тасымал әлеуетінің артатыны белгілі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес өкілдерінің темір жол тасымалына көбірек жүгінетіндігі бізді кәдімгідей қуантады. Сондай-ақ, Жамбыл теміржол бөлімшесі облыстағы қуатты өндіріс орындары «Қазфосфат», «Еурохим-тыңайтқыш», «Talas investment company» жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз, – дейді «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ филиалы – Жамбыл бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков.

Десек те, көлік логистикасының дамуына үлес қосып отырған мұнан да өзге жетістіктер баршылық. Айталық, «Келісім және коммерциялық жұмыстарды» автоматтандырылған басқару жүйесі. Жамбыл бөлімшесіндегі автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің басшысы Асылхан Тайлақбаевтың сөзіне сүйенсек, бұл жүйе жүк тасымалы төңірегінде қағазға толы жұмысты азайтып, вагон, жүк құжаттарының тезірек рәсімделу үдерісін арттырып отыр екен.

– Елбасының алға қойған бір міндеті – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. Осы тұрғыда теміржолдың жүк тасымалы саласында цифрлық жүйеге көшудің өте тиімді екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Бір ғана осы «Келісім және коммерциялық жұмыстарды» автоматтандырылған басқару жүйесінің табысты жүзеге асып келе жатқаны оған дәлел бола алады. Бұл жоба бойынша «Бірыңғай электронды терезе» қағидасымен жоспарлау, тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, қызмет көрсетуге байланысты ақы төлеу, есеп-қисап түгел электронды түрде жүргізілуде. Жүк жөнелтушілер интернеттегі арнайы портал арқылы тасымалдауды жоспарлап, оған тапсырыс береді және тасымалдау құжаттарын рәсімдеп, тасымалдаудың тарифтік көрсеткішін алдын ала есептеуге мүмкіндік алады. Бұл бізге ғана емес, кәсіпкерлер үшін де өте ыңғайлы, екі жаққа бірдей тиімді әрі үнемді және қолайлы болып отыр, – дейді бөлім басшысы А.Тайлақбаев.

Бұл жүйе бір жағынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, жолын кесуге жұмыс істесе, екіншіден темір жол мекемесі мен кәсіпкер арасындағы ашықтықты қамтамасыз етіп отыр екен. Қазіргі таңда бұл жүйе арқылы тапсырыс берушілер қатары артып, кәсіпкерлер үйлерінде отырып-ақ шаруаларын электронды жүйе арқылы оңай шешіп отыр.

Жамбыл жүк тасымалы бойынша барлығы 32 жүк тасымалдайтын станция болса, бүгінде солардың бәрі «Келісім және коммерциялық жұмыстарды» автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылған.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, 

Тараз


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды