Тұтас таптамалы доңғалақ: отандық өнім жоғары бағаланды

Инфрақұрылым
21.06.2019, 10:12
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев бастаған компания мамандары Екібастұзда «Проммашкомплект» ЖШС базасында дайындалатын темір жол тұтас таптамалы доңғалақтарын сынақтан өткізу нәтижелерін бағалау бойынша қабылдау комиссиясының жұмысына қатысты.

Қабылдау комиссиясының құрамында сонымен қатар «Темір жол көлігі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС, вагон жөндеу ұйымдары, жүк вагондары операторлары-компанияларының өкілдері болды. Қабылдау комиссиясы өткен жылы желтоқсан айында іске қосылған жоғары технологиялы жаңа өндіріспен танысты. Мамандар дөңгелекилемдік цехтың барлық телімдерінде, атап айтқанда, дайындау, жаныштау-жаймалау, термиялық өңдеу, доңғалақтарды толық профильді өңдеу, бұзбай бақылау, дайын өнімді сұрыптау, өткізу және тиеу цехтары, сонымен қатар орталық сынақ зертханасын аралады.

Комиссия мүшелеріне тұтас таптамалы доңғалақтарды дайындау және оларды қабылдапөткізу сынақтарының процестері көрсетілді. Комиссия кәсіпорынның автоматтандыру деңгейін, шығарылатын доңғалақтар сапасын, сонымен қатар өндіріске жұмылдырылған персоналдың біліктілігін жоғары бағалады.

«Проммашкомплект» ЖШС-не локомотивтер мен электр және дизель пойыздардың моторсыз вагондары үшін, жүк және жолаушылар вагондарының арбалары үшін тұтас таптамалы доңғалақтардың бекітіп қоятын сериясын шығаруға ұсыным берілді.

Игерілген жаңа технологияда берілген салмақтың бастапқы дайындамамен дәлме-дәл келетін, үздіксіз құйма дайындамасын қолдана отырып доңғалақ шығару қарастырылған. Бұл дайындамалардың әрі қарай пішінін өзгерту үшін сақиналық қыздыру пештерінде қыздырғаннан кейін жаныштау-жаймалау желісіне жіберіледі.

Шығарылатын өнім барлық техникалық регламенттерге, нұсқауларға, халықаралық және мемлекетаралық стандарттарға, сонымен қатар клиенттердің қауіпсіздік, сапа және сенімділік бойынша жеке талаптарына сәйкес келеді. Ең бір жаңа деген мамандандырылған құралдар геометриялық өлшемдерді аз ғана ала отырып өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Одан кейінгі 100 пайыздық бұзбай бақылау жүргізу жасырын ақауы бар өнімдер жеткізу қаупін толықтай жояды.

Барлық элементтермен өңделген доңғалақ өнімдер сапасы заманауи автоматтандырылған ультрадыбыстық қондырғыларда, барлық элементтері бойынша қаттылық өлшемі және магнит ұнтақты бақылау арқылы бақыланады. Доңғалақтар өндіру барысында сапа менеджментінің жүйесі теміржол өндірісінің ISO/ TS 22163:2011 халықаралық стандарттары талаптарының сәйкестігі бойынша сертификатталған. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 200 мың доңғалақ. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды