Аягөз - Жарма жолы жаңарып жатыр

Инфрақұрылым
23.08.2019, 15:10
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз жол дистанциясының теміржолшылары ағымдағы жылға жоспарланған ауқымды шараларды аяқтауға таяу. Биылғы межеленген жол сауықтыру, желі бойындағы бірқатар телімдерге күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары сапалы орындалып жатыр деуге толық негіз бар.

Жол шаруашылығының тәжірибелі маманы Темірбек Ақшалов жетекшілік ететін Аягөздегі ПЧ-42 мекемесі үшін биылғы жылғы бір ерекшелік, Аягөз-Жарма телімі аралығындағы бірқатар қумажолдар бойынша күрделі жөндеу жүргізу болатын. Жаз басталысымен аталған телім бойына арнайы мамандар жіберіліп, жұмыс жасалатын аумақтар анықталып, белгіленген болатын. Осылайша, өзекті мәселеге тереңірек зерттеу жүргізіп, материалдық тұрғыдан қам жасалған соң ғана, жолшылар қауымы ауқымды шараға білек сыбана кіріскен. Осылайша, Үшбиік-16 жол айрығы және Еңірекей-Үшбиік станциясы аралығында қауырт жұмыс жүргізілді. Жалпы көлемі 6,84 км желі бойы көзделген мерзім ішінде кешіктірілместен толық күрделі жөндеуден өткізілді. Қумажолдардағы ағаш шпалдар сөгіліп алынып, жаңа үлгідегі темірбетонды шпалдар салынды. Сонымен қатар, осы телім бойындағы көнерген жол өтпесі де жөнделді. Қазіргі күні аталмыш телімдегі күрделі жөндеу жұмыстары толықтай бітті. Бүгінде қиыршық тас төгіліп, тегістеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Шар ПМС» үлкен жауапкершілік танытты.

Айта кетерлігі, бұл жөнделген жолдың барлығы жаңа теміржол бунақтарын төсеу арқылы жаңадан түйіспесіз жолдарға ауыстырылды. Оның нәтижесінде жолдың балдық сапасы да жақсарып, телімдік жылдамдық жоғарыламақ.

Сол тәрізді Аягөз станциясының басындағы 3-ші жол толықтай күшейтілген орташа жөндеуден өтті. Бұл жұмыстарды аягөздік жолшылар өз күштерімен жүргізген болатын. Нәтижесінде 0,6 км құрайтын станциялық жолға жаңадан темірбетонды шпалдар салынып, бунақтар ауыстырылды. Жалпы биыл жоспар бойынша межеленген 3,398 шақырымға толықтай ескі бунақтар салынған.

Қазіргі күні Аягөз жол дистанциясына жаңадан шпалдар жеткізілуде. Ағымдық жөндеу жұмыстары барлық станциялар бойынша іркіліссіз жүргізіліп жатыр.

– Жол сауықтырушы машиналардан тапшылық болған жоқ. Бірқатар кешенді жол жөндеуші техникалар жұмылдырылды. Жолшылар бригадаларынан тұратын қол күші де жеткілікті. Ауа райының мейлінше қолайлылығы әрі қажетті материалдар уақытында жеткізілгендіктен кешеуілдеу болған жоқ, – дейді жол сауықтыру бойынша үдеріс барысын қалтқысыз қадағалауда ұстап отырған Аягөз жол дистанциясының өндірістіктехникалық бөлімінің басшысы Болат Мұстафинов.

Бүгінгі таңда Аягөз жол дистанциясына Ақтоғай-Аягөз-Жарма аралығындағы 225 км бас жол кіреді. Осы бас жолдың тек жүз шақырымдайы ғана темірбетонды түйіспесіз жол екен. Қалған бөлігінде әлі күнге дейін ағаш шпалдар қолданылады. Сондықтан да жол ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан аягөздік жолшылар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын жақсарту мақсатында бұрынғы жылдармен салыстырғанда қарқынды жұмысқа көшкен. Биылғы жылғы жоспарлы шаралардың мерзімінде аяқталуы осыған дәлел.

– Аягөз жол дистанция бойынша соңғы жылдары қолға алынған басты жаңашылдық сол – 70 шақырымдық станциялық жол мен 219 бағыттамалы бұрмаларды толық темірбетонға ауыстыру ісі кезең-кезеңімен жүргізілуде. Техникалардың, қажетті материалдардың жеткізілуінде, жолды жаңалау бойынша да мақсат айқын. Осыған дейін Ақтоғай-Аягөз телімі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, ендігі аралықта Аягөз бен Жарма аралығын қолға алдық, – дейді дистанция басшысы. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады