Өндірістік ғимараттар тексерілді

Инфрақұрылым
19.06.2020, 09:35
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент жол дистанциясына қарасты 62 өндірістік ғимарат бар. Жол мамандары тексеру барысында олардан 18 кемшілік тапқан. Қазіргі таңда сол кемшіліктердің 12-сі түзетіліп, 67% орындалған. Қалғаны материал тапшылығынан орындалмай тұр.

Дистанцияның жетекші инженері Дана Өмірбаеваның айтуынша, тексеру барысында табылған өндірістік ғимараттардағы кемшілікті жоюға бірталай материалдар қажет екен.

Тақтай ағаштар – 15 куб.м, темір қаңылтыр – 80 кв.м, руберойд – 15 рулон, линолеум – 200 кв.м, терезе әйнегі 3 мм – 100 м3, 1000 дана кірпіш алу қажет. Бұдан бөлек, дистанциядағы машиналар мен механизмдерді тексеру де ұмыт қалмаған.

Бүгінде дистанцияда 5 дана ауыр типті машина жұмыс істейді. Атап айтқанда, ДГКу-1735 – 1 дана, МПТ-965 – 1 дана, АС-5 №024 – 1 дана және АГД – 1А 442, АГД-1А 460 – 2 дана. Сонымен қатар, жол дистанциясында 23 автомашина жұмыс істейді. Мамандар тексеру кезінде осы машина мен механизмдерден 49 кемшілік тапты.

Қазірге дейін сол кемшіліктің 37-сі толық жойылған. Машиналар мен механизмдердің биыл жаз уақытында қалыпты жұмыс істеулері үшін дәнекерлейтін агрегат САК – 3112 – 1 дана, бензоагрегат АБ-4 -1 /230 – 10 дана, темір дәнекерлеуші аппарат ТД 500 – 1 дана, гидравликалық ажыратқыш құрылғы – 28 дана, гидравликалық домкраттар ДГП8 – 30 дана, рельс кесетін станок «Жейсмар» К 1250 – 10 дана, электрлі ажарлаушы «Жейсмар» МТХ 350 – 10 дана, рельс тесетін станок «Жейсмар» РR-7 – 10 дана, ағаш тесетін электрлі аспап – 2 дана, жол ығысуын түзейтін гидравликалық құрылғы – 1 дана, кабель арматура – АЭС – 50 м, автомашина УАЗ фермер – 6 дана, автомашина ГАЗ-53 – 2 дана, жеңіл автомобиль – 1 дана, 15МПТ- 4 жол машинасы – 1 дана, рельстің температуралық режимін реттеуге қолданатын гидравликалық пресс – 1 дана керектігі белгілі болды.  

Осыған орай, Шымкент жол дистанциясының бастығы Н.Бастаров қажетті материалдармен және машина-механизмдермен қамтамасыз етуді сұрап Магистральдық желі дирекциясының Жол және құрылыс департаментіне тиісті құжаттарды жіберді.

Дистанция бастығы өз жұмысына салғырт қараған телім басшылары Б.Маденов, Е.Алдашев, Қ.Халымбетов және жол шеберлері Т.Ускенбаев, П.Жанаш, Н.Абдраимов, К.Агибаев, А.Садыбеков, Т.Орынбекке сөгіс пен қатаң сөгіс жариялады.

Сонымен қатар, барлық жол шеберлерін жер төсемдеріндегі, жасанды құрылыстардағы, өндірістіктехникалық ғимараттардағы, темір жол алабындағы анықталған кемшіліктерді уақытылы жою үшін арнайы күнтізбелі жоспар және іс-шара бекітті.

Бүгінге дейін жол дистанциясында анықталған және көрсетілген кемшіліктердің орындалуын жеке қадағалауына алатынын жеткізді.   

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті